Гимназия директорының соңғы қоңырау мерекесімен құттықтауы » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия директорының соңғы қоңырау мерекесімен құттықтауы
25
май
2021

Гимназия директорының соңғы қоңырау мерекесімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен шәкірттер, қадірлі қонақтар! 

Бүгін тағы да бір оқу жылын артқа салып, бір жылғы еңбегімізді қорытындылайтын «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына жиналып отырмыз.     

        Бүгін - ерекше қуанышты күн. Еліміздің мыңдаған жастары білімнің алтын ұясы болған мектеппен қоштасып, білімді, тәрбиелі, жан-жақты азамат, азаматша болып, үлкен өмір жолына жолдама алғалы отырса, ұстаздар қауымы өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырғалы отыр.

       Бүгінгі күн қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, әрі ұмытылмас күн ретінде мәңгілік естерінде қалатын сәт.

        Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: - «Қазақстанның болашағы - білімді, зерделі, жастардың қолында. Білімді ұрпақ қана ел дамуына даңғыл жол ашады.» - деп ерекше атап өткен. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс» - деп жастарға лайықты бағыт-бағдар көрсетіп келеді.  

       Биылғы оқу жылы ерекшеліктерге толы жыл болды. Пандемиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізілді. Біздің гимназиямыз да оқу жылын оқытудың аралас форматында аяқтап отыр.  

    Гимназия биылғы оқу жылын 85 сынып комплектісінде 2328 оқушымен аяқтаса, оның 102-і өмір мектебіне жолдама алғалы отырған мектеп бітіруші түлектер. Олардың 10-ы  «Алтын белгіге», 7-уі «Үздік аттестатқа» үміткерлер. Гимназия бойынша білім сапасы 79,4% құрап отыр. 712 оқушы оқу жылын үздікке аяқтады.  

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Сондықтан да білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттіліктерді, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Осы орайда гимназия оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі  түрлі білім бәсекелеріне қатысып, гимназияның беделін арттыруға өз  үлестерін қосты.  

Облыстық ғылыми жоба байқауынада   биология пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Қабланова Дильназ ІІ орынды, (жет.Л.Акымбекова), экономика пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Анабекова Дана ІІ орынды (жет.З.Дүйсекова), физика пәнінен 11 «Ә» сынып оқушысы Бақытжанұлы Дінмұхаммед ІІІ орынды (жет.М.Жанадилова), математика пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Абдраимова Томирис Алғыс хат иеленді (жет.А.Тунгатова). Қазақ тілі пәнінен 10 «В» сынып оқушысы Жапарбекова Айда ІІ орынды, (жет.К.Шахшанбаева) информатика пәнінен 10 «Д» сынып оқушысы Жұмашев Дәрмен ІІ орынды (жет.Н.Садуақасова) иеленді.  

Облыстық пән олимпиадасында   құқық негіздері пәнінен 10 «Б» сынып оқушысы Мұхамеджан Дінмұхаммед І орынды (жет.Г.Оразқұлова), география пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Баймолда Балнұр ІІ орынды (жет.Л.Тәттімбетова), ағылшын тілі пәнінен 10 «Д» сынып оқушысы Тілеумұрат Қаламқас ІІІ орынды иеленді. (жет.Б.Нұржанова). 

Республикалық ғылыми жоба байқауынада биология пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Қабланова Дильназ І орынды, (жет.Л.Акымбекова), экономика пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Анабекова Дана І орынды (жет.З.Дүйсекова), информатика пәнінен 10 «Д» сынып оқушысы Жұмашев Дәрмен ІІІ орынды (жет.Н.Садуақасова) иеленді.   

      «Экономика,инновация және кәсіпкерлік» ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының Республикалық конкурсында 11 «Б» сынып оқушысы Анабекова Дана І орынды иеленді. (жет.З.Дүйсекова). 

Жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінде 11 «А» сынып оқушысы Амантаева Лаура Алғыс хатпен марапатталды. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде биология пәнінен 8 «Д» сынып оқушысы Жұмабек Анель ІІ орынды иеленді. (жет.М.Темірова). 

       Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде  Қазақстан тарихы пәнінен 5 «А» сынып оқушысы Пансатбек Абдумалик 3 орынды иеленді. (жет.А.Манашбаева). 

      «Зерде» республикалық ғылыми жоба жарысының облыстық кезеңінде  3 «Г» сынып оқушысы Қадыржан Ислам І орынды (жет.Таутаева), 7 «В» сынып оқушысы Сейтқасым Айсұлу ІІ орынды (жет.Д.Парменкулова), 2 «Б» сынып оқушысы Аралбай Ясмина ІІІ орынды (жет.Сүртаева К.),  4 «Г» сынып оқушысы Серік Жансенім ІІІ орынды (жет.Қуатбекова М.),  6 «В» сынып оқушысы Иген Ақерке ІІІ орынды (жет.Н.Орынбекова),7 «З» сынып оқушысы Ораз Сымбат ІІІ орынды иеленді (жет.Жұмабекова Г.).   

      9 сынып білім алушысы Жабықбай Асылжан Америка Құрама Штаттарында білім алуға мүмкіндік беретін "Flex" бағдарламасының жеңімпазы атанып, оқу грантын иеленді. 

     11 сынып білім алушысы Сагитжанова Аружан Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Ахи Евран университетінің оқу грантын жеңіп алды. 

     11 сынып оқушысы Аманжол Азамат Польша Республикасы, Жешув қаласындағы Ақпараттық технологиялар және Менеджмент университетінің оқу грантын жеңіп алды. 

     11 сынып оқушысы Қалмұқанбет Эльнара Түркия Республикасы Думлупинар университетінің оқу грантын жеңіп алды. 

     11 сынып оқушысы Жанадилова Мерей Чехия Республикасы, Прага қаласындағы жоғары оқу орнының 1 жылдық тілдік грантын иеленді.  

9 сынып оқушылары Ертай Нұрай мен Есенали Қарақат Елбасының «El Úmiti» бастамасы аясында «Елбасы Медалі» бағдарламасының қола медаль иегерлері атанды. 

Гимназиядағы дебат клубының спикерлері "Парасатты қоғам мемлекет қоғамының негізі" қалалық пікірсайыс турнирінде І орынды иеленді. Жетекшісі Дүйсекова З.А.

"Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форумында гимназиямыздың оқушыларынан құралған командасы жеңімпаз атанды. Жетекшісі: Зағира Дүйсекова. 

Халықаралық Әл-Фараби атындағы ғылыми жарыстардың республикалық конкурсында – 12 оқушы, 

Халықаралық «Bebras» информатика пәнінен ойын-сайысында – 10 оқушы, 

Халықаралық интеллектуалдық «Русский медвежонок- языкознание для всех» байқауында - 117 оқушы,

Халықаралық «Золотое Руно» интеллектуалдық байқауында – 152 оқушы, 

Халықаралық «Пони» интеллектуалдық байқауында – 72 оқушы,  

Халықаралық «British Bulldog» интеллектуалдық байқауында – 39 оқушы, 

Халықаралық «Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO)» олиипиадасында – 14 оқушы, 

Республикалық «Ақ Бота» интеллектуалдық марафонында – 150 оқушы, 

Республикалық 5-9 сынып оқушылары арасында өткен  “Тарих ата” олимпиадасында 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 

Өнер, спорт салалары бойынша да гимназия білім алушылары айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. 

Халықаралық «Astana Folk Music» байқауында 10 сынып білім алушылары Доскумбаев Қайырхан мен  Доскумбаев Қасымхан «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом иегерлері атанды. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық би жарысынан 9 сынып білім алушысы Рахимжанова Алия Бас  жүлде иегері атанды.

IX  Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Дарын» өнер байқауында АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ, ДОМБЫРА, СОЛО номинациясы бойынша өнер көрсеткен Ермек Әмір I – дәрежелі дипломмен марапатталды.

II Халықаралық ән – би, жыр – күй байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша 10 cынып білім алушысы Доскумбаев Қайырхан мен Қасымхан Бас Жүлде иеленді.

Республикалық каратэ-до жарысынан 8 сынып білім алушысы Имамбек Аяулым I орын иегері атанды.

Республикалық көркем гимнастикадан 9 сынып білім алушысы Медербекова Ақмереке I орын иегері атанды.

Республикалық Ашихара каратэден Павлодар қаласында өткен  чемпионатта 8 сынып білім алушысы Алшымбек Айбек  I орын иеленді.

Тараз қаласында өткен су добы спорт түрінен Республикалық чемпионатта 6 сынып білім алушысы Асханқызы Еркежан күміс жүлде иегері атанды.

Алматы қаласында өткен Республикалық чемпионатта 7 сынып білім алушысы Еркенов Абылай  су добынан күміс жүлде иегері атанды.

Республикалық «Жарқын Болашақ» өнер орталығының ұйымдастыруымен V Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар мен өнер байқауында «Көркем сөз» жанрында өнер көрсеткені үшін Ақылбекова Элизат Бас жүлде, Ерланұлы Тамерлан I орын, Орынбасаров Арсен I орын, Елубай Темірлан                  I орын, Кеңесбай Алия I орын, Нұрдаулет Айзере I орынды иеленді.

Республикалық «БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ» атты  Балалар мен Жасөспірімдер арасындағы «ҚОЛ ӨНЕРІ» номинациясы бойынша  8 сынып білім алушысы Смат Аружан I орын иеленді. 

Республикалық «Натюрморт» шығармашылық байқауында 3 сынып білім алушысы Қырықбай Гүлназым I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық  каратэ-до шотокан  чемпионатында 8 cынып білім алушысы Батырхан Алуа I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысқан Балтабек Айзере, Садыгулов Еркебулан, Әскербек Кәусар, Көмекбаева Аружан I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық «DARYN ECOART» экологиялық конкурсының «Үздік көркем қолөнер» номинациясы бойынша Төле би атындағы №8 гимназиясының 5 сынып оқушысы Иманбай Іңкәр І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

"Абай мұрасы"отбасылық конкурсында   Төле би атындағы №8 гимназиясының Асқарбек отбасы Бас жүлдені иеленді.

Жамбыл облысының каратэ федерациясының чемпионатында  5 сынып білім алушысы Ерланұлы Тамерлан I орын иеленді.

Жамбыл облысының чемпионатында Таэквондодан кіші жасөспірімдер арасындағы чемпионатында 5 сынып білім алушысы Есен Қайсар I орын иеленді.

Жамбыл облысының Жауынгерлік дзю-дзюцудан жасөспірімдер арасындағы  чемпионатында 10 сынып білім алушысы Жақсылықов Асланбек I орынды иеленді.

Жамбыл облысының ашық онлайн   турнирінде көркем гимнастикадан Берік Аймира I орын иеленді. 

Облыстық «Былғары доп» футболдан өткен  балалар мен жасөспірімдер турнирінде Төле би атындағы №8 гимназиясының командасы жүлделі III орынды иеленді.

Қалалық "Ең үздік кітап оқитын мектеп" байқауында гимназиямыз және 9 сынып оқушысы Рысбай Жанель 1 орынды иеленді.

Қалалық 7-8 сынып оқушылары арасында өткен «Ең үздік натуралист» байқауының «Мені қоршаған әлем!» номинациясы бойынша 7 сынып білім алушысы Талғат Бекнұр I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қалалық «Әкеге қарап ұл өсер» байқауында Төле би атындағы №8 гимназиясының Ахметовтар отбасы I орынды иеленді.

Қалалық робототехника чемпионатында «Кегельринг» категориясы бойынша  4 сынып білім алушысы Серік Жансенім I орын иеленді. 

Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Өтіп бара жатқан оқу жылы күрделі әрі қиындықтарға толы болуы мен  қатар ұстаздар қауымына жаңа мүмкіндіктер ашты. Мұғалімдер бәсекеге толы ортада жаңа құндылықтар мен дамудың инновациялық бағытына бейімделе білді. Оқытудың аралас форматта жүруіне қарамастан гимназия педагогтары түрлі байқаулар мен конкурстарға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. 

     Төле би атындағы №8 гимназиясы өткен оқу жылында «Үздік қала мектебі» атанса, осы оқу жылында "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсының қалалық кезеңінде 1 орынды иеленді.  

    Биология пәнінің мұғалімі Алдатаева Жанар Даниярбекқызы «Үздік педагог-2020» атағын беру конкурсының облыстық  кезеңінің жеңімпазы атанып, облыс әкімінің қаржылай сертификатына ие болды. 

   Математика пәнінің мұғалімі Бейсенова Сара Әжімұқанқызы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

     Бастауыш сынып пәні мұғалімі Мырзабекова Айгүл Аманжолқызы Бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында  3 орын иеленді.

    Дене шынықтыру пәні мұғалімі  Дауытқұл Тұрсынхан Мұхтарұлы "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2021" облыстық конкурсында 1 орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.  

    Экономика пәнінің мұғалімі Дүйсекова Зағира Аллабергенқызы «ҮЗДІК ПЕДАГОГ -2021»  атағын беру конкурсының І (қалалық) кезеңінде 1 орын алды.

    Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Төленова Манар Әнуарбекқызы «Үздік бейнесабақ» атты облыстық байқауының                    І (қалалық) кезеңінде 1 орын иеленді.  

    География пәнінің мұғалімі Баубекова Эльвира Берікбайқызы «Үздік бейнесабақ» атты облыстық байқауында ІІІ орынды иеленді. 

    География пәні мұғалімі Муратова Светлана Муратқызы «Семей полигоны» атты облыстық экологиялық сыныптан тыс сабақтар шеруінің ІІ (облыстық) кезеңінде 1 орын иеленді.

    Физика пәнінің мұғалімі Татибекова Нурман Андабекұлы мұғалімдерге арналған халықаралық «IMPACT» олимпиадасында дипломмен марапатталды. 

    «Сынып жетекші – 2021» Республикалық байқауында Телбаева Гүлбайра Датқабекқызы І орынды иеленді. 

    Шерхан Мұртазаның өнегесін, өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнегелі өмірін үлгі ету мақсатында «Шыңның жүзі-Шераға» атты облыстық online жыр мүшәйрасы мен online бейнероликтер байқауында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұжымдық жұмысы І орынды иеленді.


Құрметті әріптестер!

Қымбатты оқушылар және ата-аналар!


Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын.                          

 Бәріміз үшін 2020-2021 оқу жылында карантиндік шектеулер жағдайында уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеруге тура келді. 

Карантиндік жағдайға байланысты көптеген іс-шараларымыз онлайн режимінде өтті. Бүгінгі соңғы қоңырау да 1-10 сыныптар үшін қашықтан өтуде.  Біздің басты мақсатымыз – балаларымыз бен ұстаздарымыздың өмір қауіпсіздігін сақтау және ғаламтор мүмкіндіктерімізді пайдалану болды. Оқу үдерістерін үздіксіз жалғастыру үшін біздің педагогикалық ұжым үй жағдайында қашықтықтан оқыту технологияларын қолданды. Оқушыларымызға сапалы білім бере отырып, жан-жақты дамуларына қолайлы жағдай жасауға ұмтылды. Жобалық-зерттеулер мен ұжымдық шығармашылдықты дамытуда заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер мен платформаларды пайдаланды. Сабақтан тыс тәрбиелік мәні зор іс-шараларды да ұйымдастырды. Нәтижесінде балалар қашықтықтан оқуға, ақпараттық мәдениетке, өзара көмек пен сыйластыққа терең көңіл бөліп, қалыптасты.

Құрметті ұстаздар!

Бірлескен еңбектің нәтижесінде оқу жылын табысты аяқтадық. Тәуелсіз Қазақстанымыздың бәсекеге қабілетті жас ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеудегі орындарыңыз ерекше. Пандемия кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан балаларды оқу-біліммен қамтамасыз ету – еліміздің болашағына адалдықты білдіреді. Қызығы мен қиыншылығы мол ұстаздық еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз.

Құрметті ата-аналар!

Бүгін сіздер үшін де үлкен мереке. Балаларыңыздың білім алуына барлық жағдайларды жасап, зор үлес қостыңыздар. Алда да талай асулар бар екендігін де жақсы білесіздер. Балаларыңызға деген шексіз махаббат пен қамқорлықтарыңыз Сіздерге үлкен марапат болып қайтсын. Қолдауларыңызға үлкен рахмет!

Қымбатты жас түлектер!

Алда үлкен сынақ – қорытынды атестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеу тұр. Осы сыннан сүрінбей өтіп, өмірден өз орындарыңызды таба біліңіздер. Бүгінде мемлекетімізде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған. «Білімсіздің күні қаріп, білімдінің күні жарық» деген халық даналығы. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жан-жақты ізденіп, парасатты ұстанымды қалыптастырып, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектестік білдіремін.  

Ал гимназиядағы алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық гимназия оқушыларына «Жазғы мектеп» жобасы мен жазғы демалыстарын сәтті өткізіп, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларына шын жүректен тілектеспін. 

      Баршаңызға мықты денсаулық, табысты еңбек, баянды бақыт, бейбіт өмір тілеймін! Жемісті, жеңісті күндеріміз көп болғай.