06
январь
2021
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы еліміздің әр азаматы үшін өте құнды құжат деп атаса да болады. Себебі, мақалада көтерілген тарих, тілді өркендету, жер мәселесі, тарихи фильмдердің көбейтіліп түсірілуі, наурыз мерекесін атап өту тұжырымдамасын жасау,ауылдарды дамыту, оны көркейту-бәрі де көкейде жүрген маңызды дүниелер. Сондықтан бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы үлкен тұжырымды құжат десем болады. Президентіміз мақаласында Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастырған. Осы уақыт аралығында Елбасымыздың атқарған істеріне оң баға беріп,оны "Тәуелсіздіктің негізгі символы "деп атап өткен. Мақаладағы президентіміздің көтерген мәселелері ой саларлық дүние. Мақала соңында президентіміз жастарға сенім білдіріп, жастар тың идеяның қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші деп білімді де білікті жастарға сенім артты. Талантты жастарды қолдау мақсатында "Тәуелсіздік ұрпақтары"атты грант тағайындауды ұсынғаны президентіміздің келер ұрпақтан көп үміт күткенінің дәлелелі, жаңа Қазақстанның патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенетіні деп ойлаймын. Ә.Әзімбай - гимназия директоры.