25
март
2019
Гимназия директоры Ә.Әзімбайдың Наурыз мерекесімен құттықтауы
Құрметті гимназия ұжымы, ата-аналар мен оқушылар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.
Қазақтың ежелгі дәстүрімен Сіздерге Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын демекпін!
Құрметті әріптестер! Білім саласын өркендетуге, жас өрендердің білім алуы мен тәрбиесін дамытуға бағытталған еңбектеріңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін.
Тәуелсіз Қазақстанның мәртебесі жолында қолға алған әрбір ісіміз оң, мерейіңіз қашанда үстем болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, елімізге амандық тілеймін! Шәкірттеріміз биік шынан көрініп, гимназиямыздың мәртебесі арта берсін. Жаңа жылымыз жемісті, жеңісті, берекелі жыл болсын. Наурыз – бақ-берекенің бастауы болғай!