Қамқоршылық кеңесі
«Тараз қаласы
әкімдігінің білім бөлімінің Төле би
атындағы №8
гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Өткізілген уақыты: 26.02.2018ж.
Күн тәртібінде
1.Гимназия оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтауы туралы
2.Гимназияда оқушылар арасында сенсорлық байланыс құралдарын ұстауға салынған тыйымның сақталуы туралы
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін гимназияның Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.Балаева алып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Н.Досанова сөз алып, гимназия оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтауын қадағалау мақсатында кеңес мүшелері тарапынан жүргізілген рейдттік іс-шара туралы айтты. Оқушылардың міндетті мектеп формасын енгізудегі мақсат – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің жауапкершілігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен міндетті бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді. Аталған талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқада өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
Гимназия формасына төмендегідей талаптар қойылған:
Форманың жалпы стилі – классикалық, іскерлік. Гимназия формасы келесі түрлерге бөлінеді:
1.Жоғарғы буын оқушыларының формасы
2.Орта және бастауыш сынып оқушыларының формасы.
3.АӘД формасы
4.Спорттық форма
Жоғарғы буын оқушыларының формасы
Ұлдар – ақ жейде, қара-көк түсті костюм-шалбар, галстук.
Қыздар – ақ түсті жейде, қара-көк түсті пиджак, галстук және шотландық үлгідегі
белдемше (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек), шалбар.
Орта және бастауыш сынып оқушыларының формасы.
Ұлдар – ақ жейде, қара-көк түсті костюм -шалбар, галстук.
Қыздар – ақ түсті жейде, қара-көк түсті пиджак, галстук шотландық үлгідегі белдемше (тым қысқа немесе тым ұзын болмауы керек), шалбар.
Спорттық киімдер
Спорттық киімге қойылатын талаптар: ақ футболка, қара немесе қара-көк түсті шорты,
тресса (қысқы мезгілде – қара немесе қара-көк түсті спорттық костюмдер), спорттық платформасыз аяқ киім.
Жоғарыдағы талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында Қамқоршылық кеңестің мүшелері мен гимназия әкімшілігі тарапынан жүргізілген рейттік іс-шара барысында 11 «А» сыныбының оқушысы Вайсбеков Заманбек, 11 «Б» сыныбының оқушысы Аукенов Асылхан, 10 «А» сынып оқушысы Абай Көркем, 9 «Б» сынып оқушысы Әшірбаев Хансұлтанның гимназия формасын сақтамағандығы анықталды.
Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі А.Мұзафар сөз алып, гимназия ішкі тәртіп ережесінде оқушылардың гимназияға бағалы заттар, сенсорлық байланыс құралдарын алып келуіне тыйым салынғандығына тоқталып өтті. Дегенмен сенсорлық байланыс құралдарын алып келуіне тыйым салынғандығына қарамастан бұл талап толық орындалмай отырғандығы, гимназия әкімшілігі тарапынан ұялы телефондарды алып келген оқушыларды анықтау мақсатында апта сайын рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылатындығы айтылды. Бұл жерде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселесі белгілі болып отыр.
Жарыссөз:
Ш.Баубаев – қамқоршылық кеңес мүшесі.
Жарыссөзге кеңес мүшесі Ш.Баубаев шығып, гимназияға сенсорлық ұялы телефондарды алып келген оқушылардың ата-аналарының жауапкершілігін ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестің отырысында қарау қажеттілігін атап өтті.
М.Сарыкулова – қамқоршылық кеңес мүшесі.
Жарыссөзге шыққан кеңестің келесі мүшесі М.Сарыкулова оқу жылының басында ата-ана мен гимназия әкімшілігі арасында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген арнайы келісім шарт жасауды ұсынды.
Ж.Досумканова – қамқоршылық кеңес мүшесі.
Жарыссөзге шыққан кеңестің мүшесі Ж.Досумканова кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды толық қолдайтындығын айтып, кеңес мүшелері мен гимназия әкімшілігі, құқық қорғау орган қызметкерлері мен бірлескен рейдттік іс-шаралардың санын арттыруға шақырды.
Шешім:
1. Оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтауы ата-аналар тарапынан қатаң қадағалауға алынсын.
2. Гимназияға оқушылардың сенсорлық байланыс құралдарын алып келуге қатаң тыйым салынып, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру жұмыстары күшейтілсін.
3.2018-2019 оқу жылынан бастап ата-ана мен гимназия әкімшілігі арасында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген арнайы келісім-шарт жасап, енгізу гимназия әкімшілігіне ұсынылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.Балаева
Хатшы А.Исмаилова