Қамқоршылық кеңесі
«Тараз қаласы
әкімдігінің білім бөлімінің Төле би
атындағы №8
гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Қамқоршылық кеңесі
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
М.Жинакбаеваға
Сіздің 13.03.2018ж. күнгі шығыс №590 хатыңызға сәйкес төмендегіні хабарлаймын:
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының бос лауазымына жарияланған конкурсқа құжат өткізген үміткерлер Азимбай Алишер мен Исаев Багдат Иманалиевичтің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №619 бұйрығынының мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларының екінші кезеңіне сәйкес Мектепті дамытудың перспективті жоспарлары Қамқоршылық кеңестің отырысында қаралып, зерделенді. Үміткерлердің қатысуымен 2018 жылдың 16 наурыз күні отырыс өткізіліп, Мектепті дамытудың перспективалық жоспарлары кеңес мүшелеріне таныстырылды. Кеңес отырысына қатысқан кеңестің 13 мүшесі гимназия директорының бос лауазымына ұсынылған 2 үміткерді де конкурстық тағайындау қағидаларының ережесіне сай үшінші кезеңіне жіберуге келісім беретіндіктерін жеткізді.
Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы бойынша төмендегі үміткерлерді конкурстың келесі кезеңіне жіберуге келісім беру туралы хаттамалық шешім шығарылды.
1. Азимбай Алишер - №8 гимназия директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2.Исаев Багдат Иманалиевич - №1 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Балаева