Қамқоршылық кеңесі » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2018

Қамқоршылық кеңесі

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің  Төле би атындағы №8 гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

                    Қамқоршылық кеңесінің  № 1 хаттамасының көшірмесі 


 Өткізілген уақыты: 05.02.2018ж.
Қатысқандар:
1.Гимназия директорының м.а. Ә.Әзімбай
2.Қамқоршылық кеңес мүшелері, барлығы - 13

 

Күн тәртібінде

 

1.Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын таныстыру туралы; 

2.Төле би атындағы №8 гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасын, хатшысын сайлау туралы;

3.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіліктерін бекіту туралы;

4.Қамқоршылық кеңестің 2018 жылға арналған  жұмыс жоспарын бекіту туралы. 

Тыңдалды:
          Бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Досанова сөз алып,  кеңес мүшелеріне «
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  № 355 бұйрығымен» таныстырды. 

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  № 355 бұйрығының талаптарына сай гимназияның Қамқоршылық кеңесі құрылғандығын, ұсынылған кеңес мүшелерінің кандидатурасы  Тараз қалалық білім бөлімі басшының  2018 жылғы 2 ақпандағы №116/1 бұйрығымен бекітілгендігіне тоқталып өтті. 

          Екінші мәселе бойынша да ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Досанова сөз алып, кеңес төрағасы мен хатшысын сайлау қажеттілігі туралы айтты.  

         Төле би атындағы №8 гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына 2 үміткер ұсынылды. Олар: 

Балаева Динара Досумкановна – 1 сынып ата-анасы;

Исмаилова Айман Койлыбаевна – 2 сынып ата-анасы. 

      Ашық дауыс беру арқылы  Балаева Динара Досумкановнаға 10 дауыс, Исмаилова Айман Койлыбаевнаға 3 дауыс берілді. Қалыс қалғандар – жоқ. Басым дауыспен кеңес төрайымы болып Балаева Динара Досумкановна сайланды. 

     Кеңес хатшылығына Исмаилова Айман  Койлыбаевна ұсынылып,  кеңестің 13 мүшесінің барлығы қолдау білдірді. 

    Кеңес хатшысы болып Исмаилова Айман  Койлыбаевна сайланды. 

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің жаңа сайланған төрайымы Д.Балаева сөз алып, кеңес мүшелерінің өкілеттіліктерін бекіту қажеттілігіне тоқталды. 

Н.А.Досанова – қамқоршылық кеңестің есеп-қисап ісіне жауапты;

А.Ж.Музафар – әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-   шараларын өткізуге жауапты;

А.К.Мукаев – қамқоршылық кеңестің заңгері;

М.Т.Сарыкулова – білім беру саласына жауапты; 

Г.Мамедалиева – тәрбие саласына жауапты;

Т.К.Султаналиев - құқықтық тәрбие саласына жауапты;

К.Р.Әлмаханова - қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен, демеушілермен, жалпы сыртқы байланыс жұмыстарына жауапты;

С.Ж.Усипбеков-қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен, демеушілермен, жалпы сыртқы байланыс жұмыстарына жауапты;

Ш.Е.Баубаев – ақпараттандыру саласына жауапты; 

Ж.Д.Досумканова – гимназиядағы  медициналық бақылауға жауапты;

А.Н.Укибаева - оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына жауапты.

   Төртінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Д.Балаева қайта сөз алып кеңестің 2018 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын ұсынды. Ұсынылған жұмыс жоспары бірауыздан қабылданды. 


Шешім:

 

1.Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүргізу барысында «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  № 355 бұйрығы басшылыққа алынсын. 

2.Төле би атындағы №8 гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Балаева Динара Досумкановна сайлансын. 

2. Төле би атындағы №8 гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып  Исмаилова Айман  Койлыбаевна сайлансын.  

3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіліктері бекітілсін. 

4. Ұсынылған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін. 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы                                    Д.Балаева
 

Хатшы                                                                         А.Исмаилова

Похожие публикации: