13
март
2023
"Жаңа толқын" педагогтардың қоғамдастығы
Төле би атындағы №8 гимназиясының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату алаңы « ЖАҢА ТОЛҚЫН» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 13 наурызында «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында № 59, 11 мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік орынбасарлары, серіктес мектептер жұмысына жауапты үйлестірушілеріне, мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар барысында: жаратылыстану пәнін оқытуда мұғалімнің жетістікке жету қадамдарын тәжірибеде қарастыру; табыс критерий – оқыту міндеттеріне қол жеткізуде «Жетістікке апаратын қадамдар» туралы нәтижелі жұмыстар көрсетіліп, ұтымды ойлар айтылды. Әріптестермен өнімді, нәтижелі пікір талас орнатылды.