Жаңа Толқын" кәсіби қоғамдастық » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2022

Жаңа Толқын" кәсіби қоғамдастық

"Жаңа Толқын" кәсіби қоғамдастығы қызметінің моделі негізінде бірлесе даму алаңы барысында  жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы кәсіби құзыреттіліктерді өзара дамыту, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу үдерісі көрініс табуда. 2022 жылдың 21 желтоқсанында №59 орта мектепте "Жаңа Толқын" кәсіби қоғамдастығының кезекті отырысы өтті. Дөңгелек үстелге №8, 11, 59 мектептердің үйлестірушілері мен мектеп активтері қатысып, ат салысты. Төле би атындағы#8 гимназия директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кожагельдиева Улжан Алмасовна " Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру" үйлестірушісі Ибраева Улмекен Ауганбековна, бастауыш сынып мұғалімдері,  педагог-шеберлер Мустафаева Гулнар Тансыкулловна " Білім алушылардың оқу дағдысын қалыптастыру" Таутаева Жанат Жарылкасыновна "Зерттеу сұрағын құру жолдары " тақырыбында ой бөлісіп, өз жұмыстарын таныстырды.#11 орта мектеп үйлестіруші педагог-зерттеуші Нуржанова Анар Тельмановна ой бөлісті.