21
ноябрь
2020
Жетекші мектеп пен серіктес мектептің өзара әрекеттестігін дамыту
21 қараша күні жетекші мектеп пен серіктес мектептің өзара әрекеттестігін дамыту мақсатында «Педагогикалық қоғамдастықтың мәдениеттік дамыту контексіндегі мектеп активтерінің жұмысы » тақырыбындағы серіктес мектептермен онлайн вебинар өткізілді. Семинар барысында мектеп активінің мүмкіндігін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріліп, жетекші мектеп пен серіктес мектептердің қызметімен, жұмыс барысында басшылыққа алынатын құжаттармен, жоспармен таныстырылды. Сонымен қатар сабақты тиімді жоспарлау, сабақта онлайн құралдарды қолдану туралы мәлімет берілді. Мақсаты: педагогтерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, бірлесе отырып ортақ проблемаларды шешу жолдарын қарастыру. Семинар Daryn.online платформасында өтті.