«SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар
26
февраль
2021

«SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар

26.02.2021 жылы Төле би атындағы №8 гимназияның "Зерде" ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдердің мақсат қою дағдысын жетілдіруге ықпал ету, оқыту тәжірибесіне қажетті мәліметтер ұсыну.  Семинар барысында мақсат қою-кәсіби дайындықтың маңызды аспектісі екендігі, педагогикалық мақсаттардың ерекшелігі, педагогикалық мақсаттардың түрлері, оқу мақсаттарын қою алгоритмі  түсіндіріліп ақпарат берілді. Сонымен қатар «Төңкерілген оқыту» әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану жолдары бойынша гимназия мұғалімдері өздерінің тәжірибесінде қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, практика жүзінде көрсетті. 
Семинарға облыс мектептерінен 200 ден астам  бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, ойларымен бөлісіп отырды. Семинар Zoom платформасында кестеге сәйкес ұйымдастырылды.