«Үздік Жас Маман - 2022» » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

«Үздік Жас Маман - 2022»

Төле би атындағы №8 гимназияда 2022 жылдың 15 наурыз күні гимназияішілік «Үздік Жас Маман - 2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдау жұмыстарын ұйымдастыру. Байқаудың міндеттері:
- Гимназиядағы жас мамандардың жұмыстарын ұйымдастыру мен қолдау бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратуға жағдай жасау;
- Жас мамандардың кәсіби қиыншылықтарын шешуге көмек берудегі шығармашылық бастамалары және әдістемелік құзыреттіліктерін көрсету (сонымен бірге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында да);
- Тәлімгерлердің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін жинақтап қорыту жолдарын жетілдіру мен зерттеу – жобалау әрекеттерін насихаттау;
- Тәлімгерлер мен жас мамандардың кәсіби қарым-қатынасының аясын кеңейту;