«Үздік Жас Маман - 2020» » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік Жас Маман - 2020»
02
июнь
2020

«Үздік Жас Маман - 2020»

2020 жылдың  15 – 24 мамыр айының аралығында «Үздік Жас Маман - 2020» байқауы өткізілді.

«Үздік Жас Маман - 2020» байқауының ережесі  Төле би атындағы №8 гимназия «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес дайындалды.   

Байқаудың мақсаты: Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдау жұмыстарын ұйымдастыру.

 Байқаудың міндеттері:

- Гимназиядағы жас мамандардың жұмыстарын ұйымдастыру мен қолдау бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратуға жағдай жасау;

         - Жас мамандардың кәсіби қиыншылықтарын шешуге көмек берудегі шығармашылық бастамалары және әдістемелік құзыреттіліктерін көрсету (сонымен бірге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында да); 

         - Тәлімгерлердің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін жинақтап қорыту жолдарын жетілдіру мен зерттеу – жобалау әрекеттерін насихаттау;

         - Тәлімгерлер мен жас мамандардың кәсіби қарым-қатынасының аясын кеңейту;         

  1. Төле би атындағы №8 гимназия директорының 2020 жылдың 12 мамырдағы №170 бұйрығына сәйкес ұйымдастыру комитетінің құрамы төмендегі құрамда бекітілді:

1.    Ә.Әзімбай   - ұйымдастыру комитетінің   төрағасы, гимназия директоры;

            2.     У.А.Кожагельдиева - комиссия мүшесі, директордың әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары;

3.    Р.Атахожаева  - комиссия хатшысы, 

  •  У.А.Ибраева  - комиссия мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы;
  • Р.Ж. Селеубаева– комиссия мүшесі, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • Д.Ш.Қасымбекова - комиссия мүшесі, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

7.Ш.И. Сүгірбекова. – комиссия мүшесі, директордың  оқу– тәрбие ісі орынбасары

  1. М.Р.Мырзахметова -   комиссия мүшесі, директордың   орынбасары; 
  2. К.Р.Бектибаева - комиссия мүшесі, директордың оқу  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  3. Д.О. Демегенова- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  4. И.Т. Атыханова- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  5. Р.Ж. Наметова- тарих пәні мұғалімі;
  6. Г.А. Оразкулова –тарих пәні мұғалімі;

«Үздік Жас Маман - 2020» байқауы ережеге сәйкес ІІ кезеңде өткізілді.

1 кезең   -  Эссе «Қазіргі жаңашыл ұстаз қандай болуы керек?»

2 кезең -   Бейнеролик  «Мен таңдаған мамандық.....» 

Байқауға қатысушылар материалдары  ұйымдастыру комитетіне бекітуге 2020 жылдың 15 мамырына дейін тапсырды.

 1 кезең   –  Эссе «Қазіргі жаңашыл ұстаз қандай болуы керек?»

Байқаудың бұл кезеңінде қатысушы педагогтар келесі құжаттарды тапсырады.

            «Қазіргі жаңашыл ұстаз қандай болуы керек?» - деген сұраққа жауап беретін эссе түрінде жазылған, педагогтың мақсаты мен миссиясы қамтылған жазылым тапсырмасы. 

Эссеге қойылатын талаптары: Эссенің мәтіндік  бөлімі 250-350 сөзден тұрады, қаріптің көлемі 14 пт, Times New Roman, жол аралығы 1 жолдық (одинарный), қызыл жол – 1,25. Жұмыстар ruslan_uljan@mail.ru электронды почтасына жіберіледі.

Эссені бағалау критерийлеріБалы

Байқау тақырыбына сәйкестігі

1

Эсседе автор көзқарасының берілуі, фактілер және дәлелдердің сыни тұрғыдан талдануы.

1

Бөлімдердің өзара байланысы, ойды жеткізудегі сауаттылық, құрылымдық жұмыс.

1

Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

1

Өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғынуы.

1
Балдардың максималды саны5

         2 кезең  Бейнеролик  «Мен таңдаған мамандық.....» 

Байқаудың осы кезеңінде қатысушылар өздерінің таңдаған мамандықтарының қыр-сыры, қиыншылықтар мен сәтті тұстарын, мұғалім мамандығының жауапты мамандығын екендігін дәлелдеуі керек, сонымен қатар сабақ үдерісінің негізгі оқиғалары мен қызметін фотосуреттер, бейнелер, буклеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мысалдары және т.б. қолдана отырып көрсетеді. Регламент - 5 минут.


Бейнеролик «Мен таңдаған мамандық.....» тапсырмасын бағалау критерийлері

Балл

1. Кәсіби даму мақсатының жүйелілігі, шешілетін мәселелердің өзектілігі, жаңалығы, өнімділігі. Сабақ үдерісінде   қолданылатын әдістер мен стратегиялардың дұрыстығы.

1

2. Ұсынылған материалдардың өзіндік ерекшелігі. Практикалық маңыздылығы, басқа мұғалімдердің қолдану мүмкіндігі. 

1

3. Тәжірибенің нәтижелілігі. Нәтижеге жетудің сандық және сапалық көрсеткіштерінің болуы және қызмет нәтижелерін бағалау. Қорытындылардың болуы. Балама шешімдерді қарастыру. Қазіргі педагогикалық ғылымның жетістіктеріне сәйкестігі. 

1

4.Материалдарды рәсімдеу эстетикасы, көрнекілік қағидасын іске  асыру. Ақпарат көздеріне сілтемелердің болуы.

1

5.Фактілер және дәлелдердің сыни тұрғыдан талдануы.

1

Балдардың максималды саны

5

Байқау комиссиясының шешімімен қорытынды жасақталды. Шешім шығару Googlе form  бағдарламасында дауыс беру арқылы өтті.

Нәтижесінде «Үздік Жас Маман - 2020» байқауының жеңімпаздары: І орын –дене шынықтыру пәні мұғалімі Усенбаев Арман, ІІ орын-дене шынықтыру пәні мұғалім Лесов Ағаділ, ІІІ орын- домбыра үйірмесінің жетекшісі Елекбаева Фариза.