11
сентябрь
2020
Біріңғай жалпы облыстық ата-аналар жиналысы
Бүгін гимназияда қамқоршылық кеңесі мен сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағасының қатысуымен "ZOOM” платформасы арқылы Біріңғай жалпы облыстық ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыс барысында гимназия директоры Ә.Әзімбай өткен оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына талдау жасалып, жаңа оқу жылының міндеттері мен ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кеңестер берілді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп кері байланыс орнатылды.