19
август
2020
Жалпы республикалық педагогикалық кеңес
2020 жылдың 19 тамызында Төле би атындағы №8 гимназиясында Жалпы республикалық педагогикалық кеңес аясында гимназия мұғалімдерімен қашықтықтан синхронды форматта жиналыс өтті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету мақсатында өткен кеңестің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
3) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
4) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
5) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
6) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Педагогикалық кеңеске Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова қатысты.
