16
май
2019
Гимназия директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 18:00 де Төле би атындағы №8 гимназия директоры Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналар қауымдастығы алдында 2018-2019 оқу жылында гимназияда оқу-тәрбие үрдісінде атқарылған жұмыстар бойынша есебін береді. Өтетін орны: Абай даңғылы 138. Төле би атындағы №8 гимназиясының Бас оқу ғимараты. Оқу әдістемелік бөлмесі. Барлық ата-аналарды есеп беру жиынына қатысуға шақырамыз. Есеп беру жиыны гимназияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады.