21
январь
2019
«Ата-анам және мен» атты «Көңілді старт» отбасылық жарыс
19-қаңтар күні Төле би атындағы №8 гимназиясында 1-сынып ата-аналар арасында «Ата-анам және мен» атты «Көңілді старт» отбасылық жарыс болып өтті. Отбасылық жарыстың мақсаты: оқушылар және ата-аналардың белсенді қатысуымен, отбасылық жарыс өткізу арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойындардың түрлерін дамыту. Жарыстың барысы: 1- сыныптар арасынан 4-топ болып құрылды. Топ мүшелері анасы, әкесі, қызы немесе ұлы болып біріктірілді. Жарысқа қатысушылар өздеріне ат қойып, ұрандарымен таныстырды. Жарысқа қатысушылар 6-кезең арқылы сайысты. Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын бағалайтын төрешілер: Сулеева Камшат,Керімбаев Нұрсұлтан және Есенбаев Мадияр болып тағайындалды.
Сайыстың кезеңдері және топ атаулары:
1-топ “Күш”.
2-топ “Сұңқар”.
3-топ “Арыстан”.
4-топ “Күншуақ”.
Жарыс кезеңдері
1-кезең: Отбасылық ұрандарын таныстыру (жанаша-заманауй үлгіде)
2-кезең: Қаппен секіру ( сайыскерлер аяқтарына қапты киіп алып,ретімен ауысу арқылы жарысты).
3-кезең: Допты шеңберге лақтыру (сайыскерлер аяқтың тізе болігіне 1-допты қысып алып, екінші қолымен 2-допты волейбол ойынының шартымен мәре сызығына дейін жарысты).
4-кезең:Арқан тарту ( жинаған ұпай сандарына қарай 5-топ өзара жарысты).
5-кезең:Күш біріктіру (әр топтың топ басшылары шешуші кезеңде қол жарысымен қорытындылады. Сайыс соңында жылдамдығымен, ұпай санымен «Күш» тобы жүлделі орындарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды.