18
апрель
2022
Күләш Ахметова— есімі қазақ халқына ардақты есім
Күләш Ахметова— есімі қазақ халқына ардақты есім. Күләш Ахметова жайлы
М. Әуезов, Ғ. Мүсіреповтен бастап қаншама ақын - жазушылар тебірене жазды, тербетіле сөз айтты. Өлең өлкесінде, жыр дүниесінде тағылымды қолтаңбасы қалған, қазаққа бақ пен құт сыйлаған ақын апамыз туған жеріне табан тіреп, жас ұрпаққа тағылымды, тәрбиелік өсиетін айтып келеді. Жақында Төле би атындағы №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, "Поэзия әлемі" үйірмесінің жетекшілері Елтайұлы Тынышбек, Телбаева Гүлбайра және гимназия оқушылары Елтай Дінмұхамбет пен Бекбосын Алима ақын апамыздың үйінде қонақта болды. Сыр- сұхбатқа құрылған әңгіме соңы ақын өлеңдерін оқушылардың оқуымен аяқталды. Ақын апамызға "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының мұғалімдері атынан сый-сыяпат табысталды. Өз кезегінде ақын Күләш Ахметова естелікке баспадан жаңа шыққан көп томдық өлеңдер жинағын сыйға тартты. Жансарайымыз ашылып, жанға азық болатын дүние, өсіп- өнетін аталы сөз батасын алып қайттық. Ақынның ыстық алақанының табын маңдайымызға, тағылымды тәбәрік сөзін жүрегімізге түйіп қайттық.