24
сентябрь
2021
"Шырақшысы шындық тың" атты әдеби кеш өтті
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қолдауымен, №8 Төле би атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері К.Н.Шахшанбаева , Г.Д.Телбаева , А.Қ.Асанбаева, үйірме жетекшісі Г.Крыкбаеваның ұйымдастыруымен ұлт руханиятының абызы, шындықтың шырақшысы, халық жазушысы Шерхан Мұртаза мұрасын дәріптеу, ұлттық поэзиямызды насихаттау, ата дәстүр рухын ұлықтау мен жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған "Шырақшысы шындық тың" атты әдеби кеш жоғары деңгейде өткізілді. Кештің қонақтары жергілікті журналистер Ерман Әбдиев, Есет Досалы, Ахметжан Өзбеков пен Тілдерді дамыту орталығының бөлім басшысы Ахметова Мөлдір Ануарбекқызы қатысты.Кеш барысында гимназия оқушылары Шерхан атамыздың "Бір кем дүние"атты ой-толғаныс кітабынан үзінділер оқып, балауса ақындар өздерінің жыр-шумақтарын арнаса, кейбір гимназиямыздың болашақ актерларының "Интернат наны" атты сахналық қойылымына көрермендеріміз дән риза болды. Кеш соңында білім алушылар мен мұғалімдер, гимназия ұжымы марапатталды.