28
сентябрь
2020
«Шыңның жүзі-Шераға» атты облыстық online жыр мүшәйрасы мен online бейнероликтер байқауы
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» ұйымдастыруымен 2020 жылдың 28 қыркүйегінде жазушы-журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өнегесін, өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, өнегелі өмірін үлгі ету мақсатында «Шыңның жүзі-Шераға» атты облыстық online жыр мүшәйрасы мен online бейнероликтер байқауын өткізді.
Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаға салу және оқырмандардың арасында көпшіліктің дауыс беруі арқылы төмендегі байқау жеңімпаздары анықталды:
І-орын – Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұжымдық жұмысы;
ІІ-орын –Т.Рысқұлов ауданы Құлан мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арыстанбек Фараби;
ІІІ-орын –Байзақ ауданы Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарасаева Жаңыл.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
