Гимназия директоры Ә.Әзімбайдың 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтауы! » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия директоры Ә.Әзімбайдың 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтауы!
01
сентябрь
2023

Гимназия директоры Ә.Әзімбайдың 1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен құттықтауы!




Қадірлі ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!


Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    1 қыркүйек білім саласының дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Бүгінгі күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағына әсер ететін жауапты кезең бастамасы.

     Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз де олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз болашақта білім алуларыңыз бен дамуларыңызға негіз болсын. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін.


Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар мен қонақтар!

Өткен оқу жылын гимназиямыз табысты аяқтады. Гимназияны оқу жылын 86 сынып комплектісінде 2358 білім алушымен аяқтасақ, оның 115-і өмір мектебіне жолдама алған бітіруші түлектер. Олардың 1-і  «Алтын белгіге», 9-ы «Үздік аттестатқа» ие болды. Гимназия бойынша білім сапасы 73% құрады. 507 оқушы оқу жылын үздікке аяқтады. ҰБТ қорытындысы бойынша орта бал 108,8 құрады. 

Ең жоғары ұпай 136 болды. Түлектердің 88-і мемлекеттік білім беру гранттарын иеленсе, 12 түлек АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Түркия, Польша, Болгария, Чехия, Ресей, сынды мемлекеттердің үздік жоғары оқу орындарының гранттарына қол жеткізді. 

    Төле би атындағы №8 гимназиясының 9 сынып білім алушысы Өмірбек Томирис FLEX (Future Leaders Exchange Program) бағдарламасының жеңімпазы атанды. Томирис 10 сыныпты Америка Құрама Штаттарында оқып келетін болады. FLEX — Америкалық мектепте тегін бір жыл білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар, түрлі конкурстар мен байқауларда 1377 оқушы жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сондай-ақ, өнер және спортттық жарыстардан 941 оқушы жеңіспен оралды. Күні кеше ғана 8 сынып оқушысы Артаев Алинұр Бразилия мемлекеті, Рио-де-Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік Гимназиядада бокстан ІІІ орын алып келді. 

2022-2023 оқу жылында Төле би атындағы №8 гимназиясында “Jas Leader Akademiiasy” жобасы жүргізілді. Жобаның қорытындысы бойынша Төле би атындағы №8 гимназиясы “Үздік мектеп” номинациясын иеленіп, 1 000 000 теңгенің сертификатына ие болды.

2022-2023 оқу жылы өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша мектептердің ресми  рейтингісінде біздің гимназия Қазақстан Республикасының үздік олимпиада мектептерінің қатарына кірді. 

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының XIII Халықаралық конкурсында Жамбыл облысының қоржынын жалғыз алтын медальмен Төле би атындағы №8 гимназиясының білім алушысы Мақұлбек Думан толтырды. 

Жаңа оқу жылында 240 бүлдірішін гимназия табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Жалпы гимназия бойынша жаңа оқу жылын 87 сынып комплектісінде 2444 оқушымен бастағалы отырмыз.  

Қымбатты ата-аналар, Сіздерді тағы да шын жүректен білім күнімен құттықтаймын! Бүгін Сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбасыларының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайтын болады.

      Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!