ҰБТ-ға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ-ға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі
15
январь
2019

ҰБТ-ға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

ҰБТ-ға (қаңтар) қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі:

1. Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.
4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
5) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасы (2 дана).

2. ЖОО-ға бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш (желілік ЖОО-да беріледі);
2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

3. ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады: