Бос жұмыс орны » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2021

Бос жұмыс орны

Төле би атындағы №8 гимназиясына орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімінің бос жұмыс орнына конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысуға шақырамыз!!! 
Хабарландыру https://www.enbek.kz/ сайтында қол жетімді. 
Гимназияға педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың Ережесі мен Тәртібі
Жалпы Ережелер
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес гимназияға жұмысқа қабылдау еңбек келісім-шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Гимназияда бос жұмыс орындары шыққан жағдайда хабарландыру https://www.enbek.kz/сайтына жариялауға беріледі. Аталған сайт арқылы түскен өтініштер қаралып, конкурстық комиссияның отырысына шақыртылады. Отырысқа жіберілмес бұрын гимназияның іс-жүргізу бөлімі үміткердің құжаттарына сараптама жұмыстарын жүргізеді. Үміткер міндетті түрде жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұруы тиіс.
Конкурстық комиссияның құрамы бұйрықпен бекітіледі. Оның құрамына гимназия директоры, гимназия әкімшілігінің мүшелері, іс-жүргізуші, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері, қамқоршылық кеңесінің төрағасы немесе мүшелері енгізіледі.
1. Конкурстық комиссия отырысының тәртібі
Педагогтар үшін:
Конкурстық комиссия екі кезеңнен тұрады. І кезеңде үміткер пәні бойынша тестілеуден өтеді. ІІ кезеңде үміткер әңгімелесуден өтеді.
І кезеңде үміткер қағаз немесе электронды нұсқада немесе https://testcenter.kz/сайтының педагогтерге арналған байқау тестін өз пәні бойынша тапсырады. Тест тапсыру гимназияның базасында жүргізіледі, бейне түсірілімге түсіріледі. Комиссия мүшелері тесттің әділ өтуін бақылайды. Тестілеуден қажетті ұпайды жинаған үміткер екінші кезеңге жіберіледі. Үміткер тестілеу барысында берілген сұрақтардың 90 пайызына дұрыс жауап беруі керек. Комиссия отырысы мен тестілеудің өтуі гимназияның әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
ІІ кезеңдегі әңгімелесу барысында үміткердің педагогтік кәсіби құзіреттіліктері анықталады. Екі кезеңнен де сәтті өткен үміткер комиссия отырысының шешімімен жұмысқа қабылдануға ұсынылады.
Педагогтік лауазымға қабылданған адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
- директордың атына өтініш;
- білімі туралы дипломның түпнұсқасы және оның көшірмесі, белгіленген тәртіппен дипломға қосымша;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- өмірбаян;
- еңбек кітапшасы (бар болса);
- медициналық кітап;
- үзінділері бар жоғары білім туралы дипломдар;
- ғылыми дәреже туралы дипломдар, ғылыми атағы;
- қысқа білім туралы сертификаттар;
- куәліктің, әскери билеттің көшірмесі;
- 3x4 фотосурет;
- қызметкерді есепке алудың жеке іс парағы;
- біліктілігін көтеру туралы сертификат;
- наркологиялық диспансерден анықтама;
- психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- соттылығы туралы анықтама
Қызметкерлер үшін:
Гимназияға қабылданатын педагог емес қызметкерлер үшін конкурстық комиссия бір кезеңнен тұрады. Үміткерлер әңгімелесуден өтеді. Кәсіби құзіреттіліктері анықталады.  Конкурстық комиссияның оң нәтижесін алған үміткер жұмысқа қабылдауға ұсынылады.
Педагогтік лауазымға жатпайтын қызметкерлер қабылданған жағдайда келесі құжаттарды ұсынады:
- директордың атына өтініш;
- білімі туралы дипломның түпнұсқасы және оның көшірмесі, белгіленген тәртіппен дипломға қосымша;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- өмірбаян;
- еңбек кітапшасы (бар болса);
- медициналық кітап;
- үзінділері бар жоғары білім туралы дипломдар;
- қысқа білім туралы сертификаттар;
- куәліктің, әскери билеттің көшірмесі;
- 3x4 фотосурет;
- қызметкерді есепке алудың жеке іс парағы;
- біліктілігін көтеру туралы сертификат;
- наркологиялық диспансерден анықтама;
- психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- соттылығы туралы анықтама
Қорытынды ережелер
Осы ережелерді жұмыс беруші және жұмысқа қабылдануға өтініш берген үміткерлер орындауы міндетті.