22
июнь
2020
1 сыныпқа білім алушыларды қабылдау
Төле би атындағы №8 гимназиясының 1 сыныбына білім алушыларды қабылдау "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сай әңгімелесу арқылы жүргізіледі. 2020-2021 оқу жылына 1 сыныпқа білім алушыларды қабылдауға өтініш беру 2020 жылдың 1 маусымынан бастап https://eduschool.kz/ сайты арқылы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына 1 сыныпқа 200 білім алушыны қабылдау жоспарланған. Соның 75-сі маусым айында конкурстық әңгімелесу негізінде қабылданды. Қалған 125 орынға білім алушыларды қабылдау үшін бос орындарға өтініштерді қабылдау тамыз айында https://eduschool.kz/ порталы арқылы жалғасатын болады.
