16
февраль
2021
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында Төле би атындағы №8 гимназиясының үш бірдей білім алушысы жеңімпаздар қатарынан көрініп, гимназия қоржынын 2 алтын,1 қола медальмен толтырды. Бұл гимназия тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болды. 11 "Б" сынып білім алушысы Қабланова Дильназ "Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау" секциясы бойынша І орын, 11 "Б" сынып білім алушысы Анабекова Дана "Экономика" секциясы бойынша І орын, 10 "Д" сынып білім алушысы Жұмашев Дәрмен "Информатика" секциясы бойынша ІІІ орын иеленді. Жетекшілері Акымбекова Латипа Досжанқызына, Дүйсекова Зағира Аллабергенқызына, Сәдуақасова Назерке Сыпатайқызына, ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарым Қожагелдиева Ұлжан Алмасқызына алғыс білдіреміз.