11
январь
2019
ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ №8 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ Ә. ӘЗІМБАЙДЫҢ ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫ, АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ ЖӘНЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Құрметті Төле би атындағы №8 гимназия ұжымы, ата-аналар мен оқушылар!
Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Қашан да Жаңа жылды алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретінде атап өтеміз. Ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды ізгі тілек, ақ батамен қарсы аламыз. Тарих табалдырығына аттаған 2018 жыл Төле би атындағы №8 гимназиясы үшін сәтті жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Төле би атындағы №8 гимназиясы 2018 жылы төмендегідей жетістікерімен ерекшеленді:
Гимназия «Қазақстандағы 100 үздік мектептің» қатарына енді.
«SKILLS ACADEMY» білім мекемесі гимназияны республика бойынша «Үздік ұжым» номинациясымен марапаттады.
Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған республикалық «Олимпийский парад-2018» байқауында «Үздік білім беру мекемесі» және «Үздік білім беру мекемесінің басшысы» номинацияларын табыстады.
Республикалық математика пәнінен Пифагор олимпиадасында гимназия оқушыларынан құралған команда 1 орынды иеленіп, қаладағы «Үздік математиктер мектебі» атанды.
Республикалық пән олимпиадасында Тараз қаласынан жалғыз алтын медальді орыс тілі пәнінен біздің гимназия оқушысы Джаһангер Ақжан иеленді. Құқықтану секциясы бойынша Азреткулов Рамазан қола медаль иеленді. (жетекшілері: Ж.Т.Шайпитенова, Г.А.Оразқұлова).
53 оқушымыз Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-инновация» лицейлеріне оқуға түсіп, гимназиямыз аталған мектептерге түсушілер көрсеткіші бойынша ТОП-10 мектептің қатарына енді.
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» компаниясы Экспо көрмесінің өтуіне белсенді араласқаны үшін біздің гимназиямызды арнайы сыйлықпен марапаттап, ұжымға алғыс білдірді. Мұндай марапаттың 2018 жылғы мамыр айында облыс бойынша жалғыз білім беру мекемесі ретінде біздің гимназиямызға табысталғаны біз үшін үлкен мәртебе болды.
Сәуір айында 4,9,11 сыныптар оқу жетістіктері бойынша сырттай бағалаудан (ОЖСБ) өтіп, жоғары білім сапасын көрсетті. Нәтижесінде гимназия мұғалімдерінің іс-тәжірибесі облыстық семинар-практикумда таратылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орта балл 92,2 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда +2,4 балға өсті. Гимназиямыз қала бойынша үздік ондықтың қатарынан көрінді.
Оқу бітірген 74 түлектің 40-ы мемлекеттік білім беру гранттарын иеленді.
Ооқу бітірген бес түлек Америка Құрама Штаттары, Түркия, Латвия, Польша сияқты мемлекеттердің үздік жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алды.
Қала мектептерінің рейтингісін анықтау бойынша Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған ата-аналар мен оқушылардың он-лайн дауыс беруі нәтижесінде гимназиямыз үздік атанып, қала мектептерінің арасында рейтинг бойынша 2 орынға шықты.
Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі рейтингісі бойынша қала мектептері арасында гимназиямыз 2 орынды иеленді.
Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына гимназия бойынша қатысқан 205 оқушының 79-ы жеңімпаз атанды.
Халықаралық «Русский медвежонок» байқауына қатысқан 167 оқушының 125-і жүлделі орын алды.
Халықаралық оқушылар мен студенттердің қашықтық пән олимпиадасында 142 оқушы жеңімпаз атанды.
Халықаралық «Пони» интеллектуалдық байқауына қатысқан 221 оқушының 153-і жеңімпаз атанды.
Халықаралық «Кенгуру-математика» турниріне қатысқан 217 оқушының 117-і жеңімпаз болды.
Халықаралық «Бритиш Булдог» ағылшын тілі байқауында 38 оқушы жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Халықаралық «Золотое Руно» интеллектуалдық әлем мәдениеті байқауында 96 оқушымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.
«Хореграфия» үйірмесінің жетекшісі Қарабаева Аякөз Әбілтайқызы жетекшілік ететін «Шаттық» би тобы республикалық би байқауында І орынды иеленді.
Гимназиямыздың 3 сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр Италия астанасы Рим қаласында өткен әлемдік музыка байқауында (пианинода ойнау) жүлделі 3 орын иеленді.
6 сынып оқушысы Тоғызбай Әлім Шри-Ланка Республикасында шахматтан өткен жарыста күміс медаль иеленді.
Жасөспірімдер арасында футболдан өткен қалалық чемпионатта гимназия оқушыларының құрамасы 1 орынды иеленді.
Гимназияның «Адал ұрпақ» еріктілер клубы Тараз қаласы бойынша үздік деп танылып, облыстық еріктілер клубінің слетіне қатысып, дипломмен марапатталды.
«Достардың ортасы» атты неміс мәдениетінің облыстық конкурсында гимназия оқушыларының «STERN» би тобы жүлделі 2 орын иеленді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс вице-министрі Төле би атындағы №8 гимназиясында қонақта болып, гимназиядағы әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарымен танысты.Нәтижесінде Жамбыл облысында алғашқы болып «Жас сарбаз» әскери клубы гимназияда ашылатын болды.
Төле би атындағы №8 гимназиясының ата-аналар комитеті Жамбыл облысындағы "Үздік ата -аналар комитеті" деп танылды.
"Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңесінің басшысы Қ.Токушев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н.Еркебаев, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева қонақта болып, "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2 кезеңінде (қалалық) Төле би атындағы №8 гимназиясының 15 оқушысы жүлделі орындарға қол жеткізіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық ғылыми жобалар байқауында 2 оқушымыз жүлгер атанып, респбубликалық байқауға жолдама алды.
73 тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өткізілді.
Оқу - әдістемелік бағытта қалалық деңгейде 2, облыстық деңгейде 1 семинар өтті. Педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында гимназияішілік 15 семинар өткізілді.
323 оқушы түрлі шығармашылық және спорттық байқауларда жеңімпаз атанды.
Бастауыш сынып мұғалімі Мұстафаева Гүлнар Таңсықұлқызы білім беру саласының ең жоғары марапаты «Ы.Алтынсарин» медальін, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атыханов Индира Тұрарқызы «Жыл үздігі» медальін,неміс тілі пәні мұғалімі Садыкова Ғалия Борисқызы «Білім беру ісінің үздігі» медалін иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Қарымбаева да медальға қол жеткізді.
Гимназия ұжымы мен гимназия директоры Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен екі рет марапатталды.
Гимназия ұжымы мен гимназия директоры Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Гимназия ұжымы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хатымен марапатталды.
Гимназия Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату алаңы болып белгіленді.
Гимназияда «Футбол сабағы» пилоттық жобасы енгізілді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдер құрамы 70 пайыздан асты.
Ұлыбританияның Кембридж, Ньюкатсл университтерінің өкілдеріне гимназиядағы ағылшын, неміс тілдерінің оқытылу тәжірибесі таныстырылып, байланыс орнатылды.
Құрметті ұжым мүшелері, ата-аналар мен оқушылар! Өткен жылда қол жеткен табыстар мен игілікті істер баянды болсын. Жеткен жетістіктердің барлығы да
"гимназия-ата-ана-оқушы" үштігінің нәтижеге бағытталған жұмысының жемісі деп білемін. Әр жетістіктің артында педагогтар мен ата-аналардың ерен еңбегі жатыр деп ойлаймын. Тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз Мәңгілік Еліміздің бақытты азаматы болып өсе берсін. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елбасымыздың сарабдал саясаты Мәңгілік елімізді бұдан биік белеске жетелей берсін!
Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын! Жаң жыл отбастарыңызға береке-бірлік, жұртымызға тыныштық алып келсін. Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін.!