Гимназия тарихы » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
январь
2019

Гимназия тарихы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің барлық өңірлеріндегідей Тараз қаласында да қазақ мектептері ашыла бастады. Соның бірі Төле би атындағы №8 қазақ орта мектебі 1992 жылы 1 шілдеде ашылып, алғашқы күннен бастап-ақ оқу-тәрбие үрдісінде оқушының дарындылық қабілетін дамытуды қолға алып келеді. 1992-1993 оқу жылынан бастап Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтымен пәндерді тереңдетіп оқытуда эксперименттік байланыс жасалды. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі мектептің жақсы көрсеткіштерге жетуіне негіз болды. Оқушыларды олардың бейімділігіне сәйкес тереңдетіп, сала бойынша, дифференциациялы оқытуды көздейтін негізгі және қосалқы жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге асыру мақсаында 1997 жылы мектепке гимназия статусының лицензиясы берілді.
Мектеп-гимназия 1999 жылдан бастап «Мұғалімдерді кәсіптік жетілдіру» институтының базалық мектебі болды. 2001 жылы гимназия статусының ББ-5467 ұзақ мерзімді лицензиясына ие болып, оқытудың инновациялық үрдісіне қадам басты.
2007 жылы облыстық «Жылдың таңдаулы мектебі» атағын алды.
2010 жылы МАБ қорытындысы бойынша 4 және 9 сынып оқушылары 100% білім сапасын көрсетті. 9-сыныпта орта балл 26,5-ті құрап, республикадағы алдыңғы 100 мектеп қатарына енді.
Гимназияның материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Гимназия төрт ғимаратта орналасқан. Оқу кабинеттері-51, оның 5-уі интерактивтік тақтамен жабдықталған.
Компьютер кабинеті-2,
мектептегі компьютерлердің саны – 124;
Интернетке қосылған компьютерлер- 84;
Жаңаша жабдықталған физика кабинеті-1;
Шеберхана-2:
ағаш шеберханасы-1,
тігін шеберханасы-1.
кітапхана-1.
кітапханадағы кітап қоры – 66 854 дана:
жаңа буын оқулықтары – 40 510;
көркем әдебиеттер – 25 642;
әдістемелік құралдар -357;
электронды оқулықтар -345.
мәжіліс залы – 1, ондағы орындық саны-150.
би залы-1;
спорт залы -1;
спорт алаңы - 3
дәрігерлік кабинет -2;
асхана -2
2011 жылы гимназияда күрделі жөндеу жұмысы жасалды. (70 млн 619 мың 578 теңге). 2013 жылы А мен Б блоктарында жылу жүйелері түгелімен ауыстырылды (5млн 400 мың теңге). А, Б блоктарында жарықтандыру ауыстырылды (3 млн 598 мың 214теңге). Б блогында винтелияция жасалынды (4млн 464 мың 285 теңге). Құны 42 459 200 мың теңгеге 2011 жылы жаңа футбол, баскетбол, волейбол алаңдары ашылды. 2016 жылы қыркүйек айында У.Қайназаров көшесінен жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, оған бастауыш сыныптардың 900 оқушысы көшірілді. 2012 жылы химия кабинеті жабдықталды. Сол жылы e-learning-ке байланысты кабинеттер компьютерлермен қамтылып, мәжіліс залына мультимедиялық подиум қойылды. Заманауи биология кабинеті толық жабдықталды.

Ұстаз – қадір-қасиеті мол, шексіз жауапкершілік пен тынымсыз еңбектің, қажымас қайрат пен шығармашылықтың, үздіксіз іздену мен оқып-үйренудің адамы болғандықтан, оған шәкірт тәрбиелеу міндеті жүктелген. Сондықтан да қарапайымдылық пен кішіпейілділік, адалдық пен әділдік, байқампаздық пен сезімталдық, мейірім мен ізгіліктің үлгісі — ұстазға тән қасиет емес пе? «Бәрі де мұғалімнен басталады» деген орынды сөз, оның білімі, адамгершілігі, балаға деген сүйіспеншілігі, олардың келешекте жеке тұлға болып өсуіне ықпал жасайды. Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыз аз емес. Сондай ұлағатты ұстаздың шоғыры Төле би атындағы №8 гимназиясында қалыптасқан. Гимназидағы мұғалімдердің 99 пайызы жоғары білімді, 1 пайызы орта арнаулы білімді болса, 38 пайызы жоғары, 28 пайызы бірінші, 28 пайызы екінші санатты мұғалімдер болып табылады. 20 мұғалім Кембридждік оқу тәсілінің курсын бітірсе, 116 мұғалім жаңартылған білім берудің мазмұны бойынша біліктіліктерін арттырған. Бұл мұғалімдердің 70 пайызын құрайды.
22 мұғалім педагог-зерттеуші,10 мұғалім педагог – сарапшы, 13 мұғалім педагог – модератор атанды.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Гимназияның алғашқы директоры Молдашбаева Сара Іңкәтқызы. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Сара Іңкәтқызы гимназияны 19 жыл бойы абыройлы басқарған басшы.

Сара Іңкәтқызы 2006 жылы «Білім ұясы» ІІ Республикалық конкурсында «Жалпы орта білім берудің үздік менеджері» атағын жеңіп алған. Оның басшылығымен 2001-2005, 2009 жылдары гимназия Қазақстанның 100 үздік мектебінің бірі атанды.                                                

    2011 жылдан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін гимназияны жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Білім беру саласының үздігі  Шымырова Бибіхадиша Әзімқызы басқарды. Гимназия Бибіхадиша Әзімқызының басқаруымен оқыту мен бағалаудың жаңа түрі - несиелік оқыту жүйесіне көшті. Гимназияның материалдық-техникалық базасы барынша жаңартылды. 2014 жылы Б.А.Шымырова Кембриждік оқытудың деңгейлік курсын бітірді. Гимназиядағы оқыту мен басқару жүйесі білім берудің заманауи бағытына ауысты. 


Білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары мен жетістіктері үшін бірнеше мұғалім жоғары марапаттармен марапатталған. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.І.Сүгірбекова, бастауыш сынып мұғалімі Г.Мұстафаева, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен бастауыш сынып мұғалімі М.А.Нұраханова, орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Т.Шайпитенова, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.О.Демегенова, тарих пәнінің мұғалімдері Р.Ж.Наметова, С.Б. Солтанаева, Г.А.Оразқұлова,  «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» төсбелгісімен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.О.Демегенова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен тарих пәнінің мұғалімі Р.Ж.Наметова, неміс тілі пәнінің мұғалімі Г.Садықова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен тарих пәнінің мұғалімі, гимназия директоры Ә.Ә.Әзімбай марапатталған.                                             

     Гимназия ашылған күнінен бастап әр түрлі іс-шараларды өтікізіп келеді.

2002 жылы Interlink Resources,Ltd компаниясымен бірлесіп халықаралық семинар, 2002 жылы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «КСРО оқу ісінің үздігі» Қанипа Бітібаеваның басқаруымен Республикалық семинар, 2005 жылы «Дарынды балалармен жұмыс» республикалық семинары, 2007 жылы «Мұрагер» бағдарламасы бойынша «Көкіл» мектебінің директоры Ә.Райымбергеновтың қатысуымен республикалық семинарлар өткізілді.  Гимназияда 2016 жылы ата-аналарға арналған Республикалық семинар өткізілді. 

Гимназияның құрметті қонақтары: 

23.04.2002 ж, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «КСРО оқу ісінің үздігі» Қанипа Бітібаева.

25.09.2003 ж.   ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Күлекеев.

30.09.2003ж ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Амантаева М.Т. 

29.01.2004ж. ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Шамшидинова К.Н.

18.11.2007ж«Көкіл» мектебінің директоры Ә.Райымбергенов

18.10.2012ж. Жазушы Шерхан Мұртаза. Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерекесі салтанатты түрде гимназияда аталып өтті. 

2012ж. «Сатылай кешенді талдау» технологиясының авторы Н.А.Оразахынова.

07.04.2014ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ж.Т.Сүлейменов.

06.02.2015ж. Алматы технологиялық университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒҰА академигі М.Ж.Қизатова, Алматы технологиялық университетінің тәрбие жұмысы бойынша проректоры Қ.С. Батхолдин, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгеруші, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «жоғарғы оқу орындарының ең үздік оқытушысы» атағының иегері С.Тажибаев. 

13.02.2016ж. Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты М.Тулебаева. 


 

Interlink Resources, Ltd компаниясының халықаралық семинары. 2002ж.


             Білім және ғылым министрі Б.Күлекеев қонақта. 2003ж.

                    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

                  қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы        

                      Амантаева М.Т. гимназиямен танысу сәтінде


 
            Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Вице-министрі 
                        Шамшидинова К.Н. гимназияда қонақта 

                              «Мұрагер» бағдарламасы бойынша 

                                 «Көкіл» мектебінің директоры

                                Ә.Райымбергеновтың қатысуымен 

                                        халықаралық семинары

 

                    Халық жазушысы Шерхан Мұртаза гимназияда қонақта. 2012ж.

20.02.2013 жылы гимназияда «Қамқоршылар Кеңесі» қоғамдық қоры құрылған. Қордың алқалы басқару органының президенті Рыспаева Ғалия. «Қамқоршылар Кеңесі» қоғамдық қоры балалардың білім алуға құқығы мен мүделерін қорғау, гимназия оқушыларының ата-аналарының гимназияның дамуы үшін гуманитарлық көмек көрсетуге, оның материалдық-техникалық базасының жетілуіне өз көмегін беріп жатыр. 2018 жылдан бастап Қамқоршылық кеңесі құрылды. 

           2017 жылдың қараша айынан бастап гимназия директорының міндетін уақытша атқарушы болып, директордың орынбасары Ә.Әзімбай тағайындалды. Әлішер Әзімбайұлы 2018 жылдың 4 сәуір күні Төле би атындағы №8 гимназиясына жаңа форматта өткізілген конкурс нәтижесі бойынша директор лауазымына бекітілді.

Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 2009 жылы А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2011 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің магистратурасын үздік аяқтаған. Тарих ғылымдарының магистрі. 2009-2012 жылдары Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі, 2012-2015 жылдары Төле би атындағы №8 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2015-2017 жылдың қарашасына дейін Төле би атындағы №8 гимназия директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың наурызы аралығында Төле би атындағы №8 гимназия директорының уақытша міндетін атқарушы, 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап Төле би атындағы №8 гимназия директоры болып тағайындалды. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен,  Білім және ғылым министірінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, адамдар ізденуден, ақиқат ашудан және танып білуден еш айнымайтындығын өмірдің өзі көрсетіп  отыр. Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар, білім мен тәрбие беру жүйесіндегі айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар  соның айқын дәлелі. ХХІ ғасырда   еліміз үшін білім мен тәрбие беру мәселесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп жатудың қажеттігі жоқ. Сондықтан болар, бүгінгі таңда білім ордаларының жай-күйіне Елбасы тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларында көрініс тапқан мектептер мен білім мекемелерінің алдындағы міндет барлық оқу орындарының ақпараттандырылуы және балалардың мектептегі толық баруын қамтамасыз етудің маңыздылығы, тіпті қарапайым ғана үлкенге құрмет, кішіге ізет тәрізді кісілік қасиеттердің барлығы баланың орта мектеп қабырғасынан қандай білім, қандай тәртіп алып шығуына тікелей тәуелді. Егемен еліміздің көк туын жоғары ұстайтын ұл мен қыз тәрбиелеу - өмір үрдісінен туындайтын заман талабы.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани баюына жеткізу тиіс екенін түсіну деп Елбасымыз айтып өткендей, ұлттық рухани байлығымызды жоғалтпай әрдайым әр ұлт өз ұрпақтарын өзіндік ұлттық нақышта, патриоттық рухта тәрбиелеу үлкен жетістіктердің көрінісі болып қалмақ.Бұл орайда тәрбие саласының маңызы зор. Гимназиямызда ашылған күннен бастап жүздеген тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өз жалғасын тауып келеді. Гимназияда қосымша біліммен қамту, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 30 үйірме секциялары жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында  мектепішілік үйірмеге 1206 оқушы қамтылса, мектептен тыс үйірмемен 800 оқушы қамтылып отыр. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мектепішілк үйірмеге қамтылу көрсеткіші 10,8% -ға, мектептен тыс үйірмеге қамтылу көрсеткіші 1,8%-ға көтеріліп отыр. Жалпы гимназияның 2006 оқушысы үйірмеге қамтылған, пайызға   шаққанда 96,2 % -ды құрап отыр.

   Кез-келген оқу орны өзінің шәкірттерімен мақтанады. Сол сияқты Төле би атындағы №8 гимназиясының шәкірттері де жыл сайын түрлі деңгейдегі білім, өнер спорт бәсекелерінде топ жарып үздіктердің қатарын толықтырып жүр. Бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасын Ұллтық құрамасының ойыншысы, Рио олимпиадасының қатысушысы Олжас Сәттібаев, «Инвесторлар Альянсы» компаниясының директоры Әбутәліп Мүтәлі гимназияның мақтаныштары.   

     Гимназия ашылғалы бері бітіруші түлектердің саны 1899 оқушыны құрайды. Бітірген түлектер еліміздің барлық аймағында әр түрлі саладағы қызметте жүр. 

Мектеп бітірген түлектер – 1973,

“Алтын белгі”  төсбелгісі иегерлері – 60, 

“Ерекше аттестат” иегерлері – 115,

“Болашақ” бағдарламасы бойынша  грант иегерлері  - 14

(Ұлыбритания, Қытай, Германия, Жаңа Зеландия, Шотландия, Ресей, АҚШ)

“Аccels” бағдарламасының жеңімпаздары –  5   (Ұлыбритания, АҚШ)

“RAD” бағдарламасының грант иегері – 1 (Германия)

   Гимназия оқушыларының бір тобы төмендегі мемлекеттерде білім алып келсе, енді бірі әлі де білімдерін жалғастыруда. 

АҚШ, Канада, Бразилия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Польша, Венгрия, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Жаңа Зеландия, Шотландия, Оңтүстік Корея, Түркия. 

2017-2018 оқу жылында гимназияның 9 оқушысы облыстық пән олимпиадасында жеңімпаз атанып, 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық ғылыми жоба байқауына 2 оқушы қатысты.  

  2018 жылдан бастап гимназияда «Гимназияның 10 жаңа есімі», «Ұстаздар әлеміндегі бір есім», «Отандық кино сабағы», «Гимназия оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобалары қолға алынуда. 2018 жылы гимназия төмендегідей жетістіктерге жетті: 

1. Гимназия «Қазақстандағы 100 үздік мектептің» қатарына енді

2«SKILLS ACADEMY»  білім мекемесі гимназияны республика бойынша «Үздік ұжым» номинациясымен марапаттады

3.Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған республикалық «Олимпийский парад-2018» байқауында  «Үздік білім беру мекемесі» және  «Үздік білім беру мекемесінің басшысы» номинацияларын табыстады

4. Республикалық «Пифагор» мектебі ұйымдастырған математика пәнінен Пифагор олимпиадасында 

гимназия оқушыларынан құралған команда 1 орынды иеленіп, қаладағы   «Үздік математиктер мектебі» атанды

5.Республикалық пән олимпиадасында Тараз қаласынан жалғыз алтын медальді орыс тілі пәнінен  

біздің гимназия оқушысы Джаһангер Ақжан иеленді. Құқықтану секциясы бойынша Азреткулов Рамазан қола медаль иеленді. 

(жетекшілері: Ж.Т.Шайпитенова, Г.А.Оразқұлова)

6. 53 оқушымыз Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-инновация» лицейлеріне оқуға түсіп, гимназиямыз аталған 

мектептерге түсушілер көрсеткіші бойынша  ТОП-10 мектептің қатарына енді

7. «Астана ЭКСПО-2017 ҰК»  компаниясы Экспо көрмесінің өтуіне белсенді араласқаны үшін біздің гимназиямызды 

арнайы сыйлықпен марапаттап, ұжымға алғыс білдірді.  Мұндай марапаттың 2018 жылғы мамыр айында   облыс бойынша жалғыз білім беру мекемесі ретінде біздің гимназиямызға табысталғаны біз үшін үлкен мәртебе болды

8. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орта балл 92,2 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда +2,4 балға өсті. Гимназиямыз қала бойынша үздік ондықтың қатарынан көрінді

9. 2018 жылы оқу бітірген 74 түлектің 37-сі мемлекеттік білім беру гранттарын иеленді.  

10. 2018 жылы оқу бітірген 5 түлек Америка Құрама Штаттары, Түркия, Латвия, Польша сияқты мемлекеттердің үздік жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алды. 

11. Қала мектептерінің рейтингісін анықтау бойынша Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған ата-аналар мен оқушылардың он-лайн дауыс беруі нәтижесінде гимназиямыз үздік атанып, қала мектептерінің арасында рейтинг бойынша 2 орынға шықтық.


12. Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі рейтингісі бойынша қала мектептері арасында гимназиямыз 2 орынды иеленді

13. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына гимназия бойынша қатысқан 205 оқушының 79-ы жеңімпаз атанды.  

14. Халықаралық «Русский медвежонок»   байқауына қатысқан 167 оқушының 125-і жүлделі орын алды.

15.Халықаралық оқушылар мен студенттердің қашықтық пән олимпиадасында 142 оқушы жеңімпаз атанды.  

16.Халықаралық «Пони» интеллектуалдық байқауына қатысқан 221 оқушының  153-і   жеңімпаз атанды.   

17.Халықаралық «Кенгуру-математика» турниріне қатысқан 217 оқушының 117-і жеңімпаз болды.    

18.Халықаралық «Бритиш Булдог» ағылшын тілі  байқауында 38 оқушы жеңімпаздар қатарынан көрінді. 

19.Халықаралық «Золотое Руно» интеллектуалдық әлем  мәдениеті байқауында 96 оқушымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.  

20.«Хореграфия» үйірмесінің жетекшісі Қарабаева Аякөз Әбілтайқызы жетекшілік ететін «Шаттық» би тобы республикалық би байқауында І орынды иеленді.

21. Гимназиямыздың 3  сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр Италия астанасы Рим қаласында өткен әлемдік музыка байқауында (пианинода ойнау) жүлделі 3 орын иеленді. 

22. 6 сынып оқушысы Тоғызбай Әлім Шри-Ланка Республикасында шахматтан өткен жарыста күміс медаль иеленді

23. Жасөспірімдер арасында футболдан өткен қалалық чемпионатта гимназия оқушыларының құрамасы 1 орынды иеленді

24. Бастауыш сынып мұғалімі Мұстафаева Гүлнар Таңсықұлқызы білім беру саласының ең жоғары марапаты «Ы.Алтынсарин» медальін иеленді.

25. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шайпитенова Жанна Танабекқызы Жамбыл облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды

26. Директор орынбасары Мүсірбеков Дархан Оспанұлы мен бастауыш сынып мұғалімі Исаева Айгүл Аманқызы Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды

27. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атыханов Индира Тұрарқызы «Жыл үздігі» медальін иеленді.

28. Неміс тілі пәні мұғалімі Садыкова Ғалия Борисқызы «Білім беру ісінің үздігі» медалін иеленді.