Гимназия әкімшілігі
Селеубаева Раушан Жаксыновна
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Селеубаева Раушан Жаксыновна 30.01.1970ж. күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 1992 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика-информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1992-2005 жылдары Тараз қаласындағы Төле би атындағы № 8 гимназиясында математика-информатика пәндерінің мұғалімі;
2005-2012 жылдары Төле би атындағы № 8 гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге Төле би атындағы № 8 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде.
«Нұр-Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Касымбекова Дарига Шорабековна
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Касымбекова Дарига Шорабековна 1968 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген . Білімі жоғары. Ұлты қазақ.
1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1990-1991 оқу жылында Жамбыл облысы , Сарысу ауданы, Жайылма ауылының орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды .
1991-1994 жылдар аралығында Бақадам ауылының № 19 кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып жұмыс жасады.
1994-2004 жылдары Тараз қаласы Төле би атындағы № 8 мектебінде орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2005-2006 оқу жылында аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.
2006 жылдан бастап осы күнге дейін осы гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Отбасылы, бір қыз тәрбиелеп отыр.

СУГИРБЕКОВА ШОЛПАН ИЗБАСАРОВНА
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сугирбекова Шолпан Избасаровна 27.01.1971 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 1995 жылы Жамбыл Педагогикалық Институтының ПиМНО факультетін, «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2002-2010 жылдары Төле би атындағы № 8 гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі, 2008-2009 оқу жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Төле би атындағы № 8 гимназиясында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарады.
Мырзахметова Маржан Рахимжанқызы
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мырзахметова Маржан Рахимжанқызы 1974 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 2002 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.1998-2012 жылдары Тараз қаласы Төле би атындағы № 8 гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.2012-2015 жылдары Төле би атындағы № 8 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдың қазан айынан директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары.2005-2006 оқу жылында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің құрмет грамотасымен, 2007-2008 оқу жылында қалалық кәсіподақ ұйымының грамотасымен, 2008-2009 оқу жылында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің алғыс хаттарымен, 2009-2010 оқу жылында Тараз қаласы әкімінің грамотасымен, 2011-2012 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЗТБ Президентінің сертификатымен, 2015 жылы Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін қалалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен,2018 жылы Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының грамотасымен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасыны Алғыс хатымен марапатталған.
Бектібаева Қаракөз Рахымбердіқызы
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бектібаева Қаракөз Рахымбердіқызы 1979 жылы 4 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы 6-шы савхоз ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақәділ Суханбаев ауылындағы Ақәділ Суханбаев атындағы орта мектепті аяқтап, сол жылы Тараз Мемлекеттік Мұхаммед-Хайдар Дулати атындағы Университетінің математика-информатика факультетінің студенті атанып, 2000 жылы бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы облыстық «Болашақ» мектеп-интернатынан, 2006 жылдан бастап Төле би атындағы № 8 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.
2010 ж. қалалық «Үздік тәрбие жүйесі» байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленді.
2011ж. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілікті арттыратын республикалық институттың ұйымдастыруымен өткізілген «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлығын дамыту» атты республикалық семинар аясында «Мектепті басқарудың қазіргі үлгісі» тақырыбында шығармашылық жұмысты қорғауда «Мектепті басқарудың үздік үлгісі» байқауының І орын иегері атанды.
2012-2016жж. Жас ұрпақты өнерге баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден балалар арасындағы байқауына сіңірген еңбектері үшін алғыс жарияланған.
2012 -2016жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдстыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғаны үшін алғыс жарияланған.
2012ж. Жоғары кәсібилігі және оқу-тәрбие үрдісіндегі қол жеткізген жетістіктері үшін қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.
2015жылы оқушысы Мұхамеджан Дінмұхаммед І-ші Республикалық оқушылар арасында өткізілген информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып І орынды иеленді.
2015ж оқушысы Кеңесов Ғалымжан информатика пәні бойынша қалалық ғылыми жоба байқауына қатысып ІІІ орынды, халықаралық «Эверест» информатика пәні бойынша қашықтық олимпиадасына қатысып ІІ орынды иеленген.
2016ж. қалалық «Көпшілік іс-шаралардың үздік сценарийі» байқауында ІІІ орынды иеленген.
2017ж. Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту« тақырыбында өткізілген семинарға қатысып, „Үздік жұмыс“ номинациясының иегері атанып, сертификат тапсырылды.
Аширбаева Улбала Нышанбаевна
Төле би атындағы № 8 гимназия директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 1 жыл, жалпы еңбек өтілі-24 жыл
Аширбаева Улбала Нышанбаевна 12.03.1975ж Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылтаң ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлелекттік университетінің педагог- психолог мамандығын бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, М.Әуезов атындағы № 12 мектепте педагог-психолог мамандығынан бастаған. Төле би атындағы № 8 гимназияда 2016 жылдан мұғалім қызметін атқарады.
2007-2008жж Жуалы аудандық «Үздік психолог» байқауының жеңімпазы.
2009-2010жж «Білім берудің психологиялық аспектілері» тақырыбындағы облыстық семинарда тәжірибесімен бөлісіп, белсендік танытқаны үшін Жамбыл облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
2020-2021жж Тараз қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.