03
январь
2019
"Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдер-табысты мектеп кепілі" атты қалалық семинар-практикум
Төле би атындағы №8 гимназиясында 2018 жылдың 26 желтоқсан күні Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында "Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдер-табысты мектеп кепілі" атты қалалық семинар-практикум өтті.Семинарға серіктес мектеп педагогтары, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Атакулова, ПШО тренері А.Наарекеева, БАҰО "Өрлеу" ПКБАИ кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. профессор Ш.Тойганбекова, Назарбаев зияткерлік мектебінің менеджер-әдіскері Н.Тұрысбекова және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.