16
ноябрь
2023
Тәжірибе алмасу
Қазақстандағы сабақты зерттеуді енгізу жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату, өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының ұйымдастырумен "Сабақты зерттеу Қазақстандық мектептердің тәжірибесі" облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция барысында "Әдебиеттік оқу сабағында білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында Төле би атындағы №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Куатбекова Меруерт Малдыбаевна тәжірибесімен бөлісіп, нәтижелі жұмысын көрсетті.

