Іс-шаралар » Страница 8 » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру
16
февраль
2022
Кәсіптік бағдар беру
2022 жылдың 16 ақпан күні  Жамбыл политехникалық жоғары колледж өкілдері м ен 9-сынып білім алушылары  арасында кездесу өтті. Колледж өкілдері 9-сынып білім алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіптік бағыт-бағдар берді.  
Түлектердің жұлдызды күні
15
февраль
2022
Түлектердің жұлдызды күні
         «Түлектердің жұлдызды күні» жобасы аясында  білім алушылар мен   гимназия түлегі,   бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының ойыншысы Сәттібаев Олжас Көсемәліұлымен  кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: білім алушылардың жеке тұлға қасиеттерін тану, мамандықтар туралы ақпараттармен терең таныса отырып, ішкі ерекшеліктерін айыра білуге икемдеу, мақсат қойып оған ұмтылуға баулу.
Түлектердің жұлдызды күні
14
февраль
2022
Түлектердің жұлдызды күні
        «Түлектердің жұлдызды күні» жобасы аясында  білім алушылар мен   гимназияның 2003 жылғы түлегі Халмуратова Асел Алдибекқызымен кездесу өтті. Асел Алдибекқызы білім алушыларды мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға, өздерінің бойындағы қасиеттерін тануға жетелей отырып,  білім алушылардың мамандық таңдау үдерісіне кәсіптік бағдар берді.
Түлектердің жұлдызды күні
11
февраль
2022
Түлектердің жұлдызды күні
«Түлектердің жұлдызды күні» жобасы аясында  7 «Ә» сынып білім алушылары мен   гимназия түлегі Мелдебеков Әлнұрмен кездесу өтті. Кездесудң мақсаты: болашақ білім алу бейімі мен мамандығын тануда оқушылардың бейімділігі мен мүмкіндіктерін айқындау.
Ізгілік - адамның басты рухани - адамгершілігі
10
февраль
2022
Ізгілік - адамның басты рухани - адамгершілігі
Тараз қаласы,Төле би атындағы №8 гимназияда патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебаттар ұйымдастырылды. Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.  
Түлектердің жұлдызды күні
10
февраль
2022
Түлектердің жұлдызды күні
         «Түлектердің жұлдызды күні» жобасы аясында  11 «Ә» сынып білім алушылары мен   гимназия түлегі, дәрігер Әділбекова Ақеркемен кездесу өтті.  Кездесудің мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауда кәсіптік және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі анықтауға көмек көрсету, бағыт-бағдар беру.
"Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы өтуде
09
февраль
2022
"Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы өтуде
2022 жылғы ақпан айының 7-11 күндер аралығында "Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімімен ұйымдастырылып жүргізілуде.       Осыған орай іс-шараның тиімді деңгейде өткізілу мақсатында, Тараз ст. ЖПБ-нің Тараз қ. әуежайындағы ЖПб бастығы полиция майоры Н. Тойланбаев ағымдағы жылдың 09 ақпан күні  Төле би атындағы № 8 гимназиясының оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, яғни теміржол аса қауіпті аймақ болғандықтан, темір жол бойында орын
"МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ"
09
февраль
2022
"МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ"
Төле би атындағы №8 гимназиясында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы, Тараз қаласының сайлау комиссиясының төрағасы Арын Ильясұлы Асқарбеков, Тараз қаласы білім бөлімінің үздіксіз білім беру және бала құқығын қорғау секторының басшысы Айгүл Тохтыбайқызы Байназарова "МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ" тақырыбында семинар-тренинг, кездесу іс-шарасын өткізді.  
"Ән саңлағы- Роза Бағланова"
08
февраль
2022
"Ән саңлағы- Роза Бағланова"
Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай 04.02.2022 жылы 6 "А" сынып білім алушыларымен музыка пәні мұғалімі Азимкулов Б.Ш. "Ән саңлағы- Роза Бағланова" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Іс-шара
07
февраль
2022
Іс-шара
Тараз қаласы ,Төле би атындағы №8 гимназияда балаларды тарта отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер өткізілді. Мақсаты: театрлық шығармашылыққа қызығушылықтарын дамыту. Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.