"Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы өтуде » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы өтуде
09
февраль
2022

"Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы өтуде

2022 жылғы ақпан айының 7-11 күндер аралығында "Көліктегі қауіпсіздік" акция іс-шарасы Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімімен ұйымдастырылып жүргізілуде.
      Осыған орай іс-шараның тиімді деңгейде өткізілу мақсатында, Тараз ст. ЖПБ-нің Тараз қ. әуежайындағы ЖПб бастығы полиция майоры Н. Тойланбаев ағымдағы жылдың 09 ақпан күні  Төле би атындағы № 8 гимназиясының оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, яғни теміржол аса қауіпті аймақ болғандықтан, темір жол бойында орын алатын жазатайым деректері кездесіп жататындығы айтылып, оның алдын алу іс-қимыл әрекеттері назарларына жеткізілді, теміржолдың арғы бетіне өту кезінде көпір немесе арнайы жаяу жүргіншіге жасалған темір жол өткелі арқылы, вагон құрамдары тұрғанда астынан өтпеуі немесе үстіне шықпауы туралы, сол вагондарды қозғалту үшін электр бағаналардан (27 500 кВт) аса қауіпті қуаты берілетіндігі және электровоз құрамы бірінші бағытымен қозғалыста кележатқан кезде, екінші бағыттағы электровозын байқамай қалу салдарынан қайғылы жағдайлардың орын алып жатқандығы туралы айтылып жеткізілді.
         Сонымен қатар осындай шараларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабындағы көзделген бөлімдерге сәйкес "ескерту" немесе "айыппұл" шарасы қолданылатындығы айтылды және түнгі мезгілде, яғни сағат 23:00 ден кейін таңғы сағат 06 дейінгі мезгілде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жағдайлары орын алмау керектігі, себебі орын алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын полиция майоры Н. Тойланбаев ескертіп айта кетті.