

2019 жылдың 19 желтоқсанында Төле би атындағы №8 гимназиясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Құрмашқызы Тоғатаева, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің маманы Алиева Марина Гусеевна және гимназияның "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты тренинг өткізілді.Жас ұрпаққа адалдық, парасаттылық құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен іс-шара барысында оқушылар белсенді ой қозғап, парасатты тұлға қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, өз тұжырымдарын ортаға салды.