10
декабрь
2018
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы
Төле би атындағы №8 гимназиясында оқушылар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесіне сақтау және нығайту, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру, білім және мәдени деңгейін арттыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубтың жоспары құрылып, жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылуда. Қазіргі уақытта клуб мүшелерінің саны – 10 оқушы. Адал ұрпақ» еріктілер клубы Тараз қаласы бойынша үздік деп танылып, «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты облыстық еріктілер клубінің слетіне қатысып, Төле би атындағы №8 гимназияның «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы үздік дипломмен марапатталды.