Мемлекеттік рәміздер » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздер
04
июнь
2022

Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Жазғы мектеп" жобасы аясында Төле би атындағы 8 гимназия оқушылары Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына барып, дөңгелек үстелге қатысты. Онда оқушылар Мемлекеттік рәміздерге байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, патриоттық тақырыпта өлең шумақтарын оқыды. Дөңгелек үстелді кітапхана қызметкерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Телбаева Гүлбайра ұйымдастырды.