22
сентябрь
2021
«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді
Төле би атындағы №8 гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу, мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау,Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 9 «А» сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық сабаққа қонақ ретінде келген Журналистер Одағының лауреаты, актер, режиссер, публицист Сейілхан Асқарбек Ақшаұлына сұрақтар қойылып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды.
Тәрбие сағаттары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекзат Пернебекқызына сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас өткізді.
Іс-шараны гимназия директоры Әзімбай Әлішер қорытындылап, білімалушыларға Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді дәріптеп, жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятып, елге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухын өсіретін бірегей жоба екендігі айтылды.