29
сентябрь
2023
Гимназия директоры Ә.Әзімбайды Жамбыл облысының облыс әкімі Е.Қарашөкеев қабылдады
Білім беру саласын дамыту аса маңызды. Бұл саланы ілгерілету – мемлекеттік саясаттың басты тетіктерінің бірі. Сондықтан елімізде білім беру саласын дамыту үшін қолға алынып жатқан шаралар көп. Саланы қолдау мен қаржыландыру барынша жүргізілуде. Шешімін таппай отырған мәселелер де жоқ емес. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ардагер ұстаздар мен бірқатар мектеп директорларын қабылдады. 