"Донор күні" » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2021

"Донор күні"

Гимназия ұстаздары «Донор күні» акциясына қатысты.
2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы шеңберінде, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Төле би атындағы №8 гимназия ұстаздары Жамбыл облыстық қан орталығында «Донор күні» акциясын өткізді.
✅ Таңғы 10.00- ден кешкі 16.00-ге дейін жалғасқан акцияға білім беру мекемесінің бірқатар ұстаздары атсалысты, олар өз еркімен қан тапсырып науқас жандардың өміріне үміт сыйлады. Аталған акция Жамбыл облыстық кино орталығының қызметкерлерімен біріккен іс-шарасы болып табылады. Іс-шара барысында түсірілім жұмыстары жүргізіліп, үгіт-насихаттық ақпараттандырылу видео ролигі әзірленді.
✅ Қан тапсыруға небәрі 15 минутқа жуық уақыт кетеді. Алдымен әр донор өзі туралы анкета толтырады. Қан тобы мен құрамындағы гемоглобин мөлшерін анықтайтын сараптамадан өтеді. Содан кейін терапевт дәрігердің ақыл-кеңесін алады. Жалпы облыстық қан орталығына қан тапсырушылармен бірге алғаш рет донор атанған мұғалімдерде келді. Ондағы ортақ мақсат біреу – қан тапсырып, біреудің жанын сақтап қалу.
✅ Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Жастардың ізгіліктің нақты көрінісін көрсетіп жүрген игі істері көңіл қуантады. Расында да біреуге көмек көрсету үшін бай болып қажет емес, тек қана мейірімді жүрек пен таза ниет болса болғаны. Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Біз жақсылық пен қайырымдылықты жасаған сайын бақытты қоғамның босағасын бекітеміз.
✅ Сондықтан жақсылық жасауға асығайық!