Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында гимназия акт залында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге желтоқсан оқиғасына қатысқан ұстаздарымыз, гимназия әкімшілігі мен ұстаздары, ата-аналар және білім алушылар қатысты.Іс-шара барысында гимназия директоры Ә. Әзімбай барша қонақтарды ұлық мерекемен құттықтап, желтоқсан оқиғасына қатысқан ұстаздарымызды арнайы марапаттады. Сонымен қатар білім алушылар арасында ғылыми жобадан өткен қалалық, облыстық жеңімпаздарын, республикаға жолдама алған білім алушыларды және олардың жетекшілерін марапаттады. Гимназия ұжымы мен шәкірттерін жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан ағамыз арнайы келіп құттықтап, өз ақ тілегін жеткізді.