Тамақтандыру сапасына мониторинг » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2019

Тамақтандыру сапасына мониторинг

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
2018 – 2019 оқу жылы, қазан айы
Гимназия директорының бұйрығы негізінде 2018 жыл 25 қазан күні гимназиядағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді.
Тексеру жүргізгендер:
1) Қамқоршылық кеңес төрайымы: Д.Балаева
2) Ш.Сүгірбекова – директордың орынбасары
3) Г.Қарымбаева.– бастауыш сынып мұғалімі
4) А.Естаева – мектеп медбикесі
5) Г.Иманалиева – әлеуметтік педагог

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясы, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер,азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген ас мәзірі бар. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде


1) Қамқоршылық кеңес төрайымы: Д.Балаева
2) Ш.Сүгірбекова – директордың орынбасары
3) Г.Қарымбаева.– бастауыш сынып мұғалімі
4) А.Естаева – мектеп медбикесі
5) Г.Иманалиева – әлеуметтік педагог