18
январь
2018
"Best talent" байқауының жеңімпазы!
Төле би атындағы №8 гимназиясының 2 "Г" сынып оқушысы Ақылбекова Элизат республикалық "Best talent" байқауында модельдік бағыт бойынша бас жүлдені иеленіп, Египеттің Хургада қаласында өтетін Халықаралық "START mini models" атты сұлулық пен дарындылық фестиваліне жолдама ұтып алып, Америка Құрама Штаттарының Лос Анджелес қаласында өтетін Өнерлі жастардың Бүкіләлемдік "WORLD STARS" атты Чемпионатына шақырту алды. Элизатқа сәттілік тілеп, биік шыңдарды бағындырып, Тәуелсіз еліміздің көк туын әлемдік деңгейде желбіретеді деп сенім артамыз. Жетекшілеріне, сынып жетекшісіне, (М.Шубаева), ең бастысы ата-анасына алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз.