Қорытынды аттестаттау » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қорытынды аттестаттау
09
октябрь
2021

Қорытынды аттестаттау

11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары
Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы

Пәндер

Емтихан формасы

Уақыты

                                           Міндетті
1Ана тілі (оқыту тілі)жазбаша (эссе)3 сағат
2Алгебра және анализ бастамаларыжазбаша емтихан (бақылау жұмысы)5 сағат
3Қазақстан тарихытестілеу80 минут
4Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілітестілеу80 минут
                                             Таңдау
5Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатикатестілеу80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:
1. Ана тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 250-300 сөзден, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 300-350 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
2. Алгебра және анализ бастамалары. Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады.
3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
4. Таңдау пәндері бойынша:
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиетТест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:
Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),
Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);
Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.
Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы).

Похожие публикации:

15 январь 2019 ОЖСБ
15 январь 2019 ҰБТ 2019