Сапалы білім - жарқын болашақтың кепілі » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
декабрь
2021

Сапалы білім - жарқын болашақтың кепілі

Сапалы білім - жарқын болашақтың кепілі. Жыл сайын өтетін пән олимпиадалары, оқушылардың ғылыми жобалары мен түрлі байқаулар - осының айқын дәлелі. 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сыныптар арасында қалалық олимпиададан 9 оқушымыз көш бастап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша I орын иегері 6 "Ж" сынып оқушысы Тлеумурат Д., жетекшісі Дулатбаева Ж.Ш.; математика пәні бойынша 6 "Ж" сынып оқушысы Науатбек Ә. II орын, жетекшісі Усубжанова М.С.; жаратылыстану пәні бойынша 5 "Г" сынып оқушысы Серік Ж. II орын, жетекшісі Адильбекова Г.Г.; жаратылыстану пәні бойынша 6 "Г" сынып оқушысы Бахитжан Т. III орын, жетекшісі Баубекова Э.Б.; қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 "Ә" сынып оқушысы Үсенбек Р., ІІІ орын, жетекшісі Атахожаева Р.А.; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 "Д" сынып оқушысы Шамгун Т., III орын, жетекшісі Сарыбаева К.С.; ағылшын тілі пәні бойынша 5 "Д" сынып оқушысы Келесова М., ІІІ орын, жетекшісі Несіпбекова К.К.; Қазақстан тарихы пәнінен 5 "Ж" сынып оқушысы Артай Е., жетекшісі Жанасова Г.Т. және Г.Е. Шакирбаева жетекшілік еткен 6 "Ж" сынып оқушысы Аманкелді Б. III орынды иеленді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!