Жетістіктеріміз бен мактаныштарымыз » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз бен мактаныштарымыз
Құттықтаймыз!
30
апрель
2024
Құттықтаймыз!
Облыстық 3-4 сыныптар арасында өткен “Алтын сақа” олимпиадасынан жүлделі орын иеленген  3 ”В”сынып білім алушысы Марат Арнұр, жетекшісі Куатбекова Меруерт Малдыбаевнаны, 4 “В" сынып білім алушысы Утебаева Айя, жетекшісі Саттеркулова Эльмира Рахмановнаны, 4 "А" сынып білім алушысы Бауыржан Айбатыр, жетекшісі Курманова Нургул Еркиновнаны құттықтаймыз!
Құттыұтаймыз!
24
январь
2024
Құттыұтаймыз!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының», Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдасыруымен Атырау қаласында «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен 1-10 сынып оқушылары арасында Республикалық спорттық - интеллектуалдық эстафетасы өтті.  Республикалық жарысқа Төле би атындағы №8 гимназиясының 5-сынып білім алушылары Сәлкен Бейбарыс, Сәлкен Сұлтан қатысып, тартысты сайыста 3 жүлделі орынды жеңіп алды. 
ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ №8 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
26
декабрь
2023
ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ №8 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ №8 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ  (2023 жылдың тамыз айынан бастап) Төле би атындағы №8 гимназиясы 2023 жылды табысты аяқтап, төмендегідей жұмыс нәтижесін көрсетті:  Гимназияда 2428 оқушы білім алады. 87 сынып комплектісі бар. Білім сапасы 75 пайызды құрайды. 115 түлектің барлығы жоғары оқу орындарына түссе, оның 88-і мемлекеттік білім беру гранттарын иеленді. 8 түлек шетелдік жоғары білім беру гранттарына қол жеткізді.  201 педагог қызмет атқарады. Оның 21-і педагог-шебер, 80
Құттықтаймыз!
25
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
"Төле би тұсындағы Қазақ елі: Тәуелсіздік үшін үзіліссіз күрес" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына білімділік танытып, қазақ халқының біртуар биі Төле бидің өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми баяндама жасағаны үшін  гимназия білім алушылары Әмір Балнұр мен Полат Жания Алғыс хатпен марапатталды. Белсенділік танытып, дарынды шәкірттер тәрбиелеу жолында зор үлес қосқаны үшін жетекші Шахшанбаева Камшат Намазбекқызы Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
13
ноябрь
2023
Құттықтаймыз!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" құзіреттілігі бойынша "JuniorSkills Jambyl-2023" облыстық чемпионатында Төле би атындағы №8 гимназияның 9 сынып білім алушылары Әли Тұйғын Қонақбайқызы І орын, Ермекқызы Нұрай ІІІ орын иеленді.
Құттықтаймыз!
04
сентябрь
2023
Құттықтаймыз!
Төле би атындағы №8 гимназиясының 8 сынып білім алушысы Артаев Алинұрды Бразилия мемлекеті, Рио-де-Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік Гимназиядада ІІІ орын алуымен құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!!!
14
март
2022
Құттықтаймыз!!!
Төле би атындағы №8 гимназиясының 4 "Г" сынып білім алушысы «Сиқырлы қыс» атты қалалық  жас суретшілер байқауының ІІ орын жеңімпазы Сабит Асия Жетекшісі Катибекова Г.Д.
Құттықтаймыз!!!
09
март
2022
Құттықтаймыз!!!
Жамбыл облысының спорттық би және заманауи хореография федерациясының ұйымдастыруымен өткен "Dance dreams - 2022" атты спорттық би байқауында Н2 СОЛО санаты бойынша l орынды иеленген 1"В" сынып білім алушысы Жуманова Адельді құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!!!
08
март
2022
Құттықтаймыз!!!
Жамбыл облысының спорттық би және заманауи хореография федерациясының ұйымдастыруымен өткен "Dance dreams - 2022" атты спорттық би байқауында Н3 СОЛО санаты бойынша l орынды иеленген 5 "Д" сынып білім алушысы Есеналы Адинаны құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!!!
02
март
2022
Құттықтаймыз!!!
Төле би атындағы №8 гимназияның 4 "Б" сынып білім алушысы Мухамедалиева Сенім шахматтан Жамбыл облысының чемпионатында III орын иеленіп, Республикалық чемпионатына шықты. Жарайсын Сенім!!! Саған сәттілік тілейміз!!!