Құттықтаймыз
26 мамыр күні облыс әкімі Б.Сапарбаев "Мамыр" саябағында ашық аспан астында еркін форматта дарынды оқушылармен кездесу өткізді. Кездесуге гимназия директоры А.Азимбайұлы, экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі З.Дүйсекова, биология пәні мұғалімі Л.Акынбекова, жалпы білім білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының Алтын медаль иегерлері 11 сынып білім алушылары Д.Анабекова, Д.Қабланова және қола медаль иегері 10 сынып білім алушысы Д.Жумашев қатысты.