Тәжірибе алмасу » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2022

Тәжірибе алмасу

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Ағымдағы оқу жылының күзгі каникул уақытында белгіленген жоспар бойынша Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты "Leader Innovation Lyceum"мектебінен тәжірибе жинақтауға 18 жас маман келді . Гимназия директоры Әлішер Әзімбай, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Улжан Алмасқызы Кожагельдиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Камшат Намазбайқызы Шахшанбаева гимназия тарихы, мұғалімдердің сапалық құрамы, гимназия жетістіктері,  «Мектептегі мұғалімдердің зерттеу жұмыстары Lesson Study, Action Research, жас мамандармен жұмыс, Робототехника үйірме жұмыстары, тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызды әрекеттердің қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын, тиімділігін атап көрсетіп, қалай жоспарлау керектігіне тоқталды. Қонаққа келген әріптестер іс-тәжірибемізге оң баға беріп, алдағы уақытта тәжірибе алмасу жалғаса берсе деген өтініштерін білдірді.

Похожие публикации:

31 октябрь 2022 Action Research
24 октябрь 2022 Pedagogical DIALOGUE
03 ноябрь 2021 Lesson study үдерісі