Төле би атындағы №8 гимназия ұжымы гимназияның бірінші директоры
Гимназияның алғашқы директоры Сара Іңкәтқызы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Сара Іңкәтқызы гимназияны 19 жыл бойы абыройлы басқарған басшы. Сара Іңкәтқызы 2006 жылы «Білім ұясы» ІІ Республикалық конкурсында «Жалпы орта білім берудің үздік менеджері» атағын жеңіп алған. Оның басшылығымен 2001-2005, 2009 жылдары гимназия Қазақстанның 100 үздік мектебінің бірі атанды.