Қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен "Тіл мен тарих тамырлас" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс- шараға облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Дауренбеков Қуаныш Кәрібайұлы қатысты.
Төле би атындағы №8 гимназияның "Табысты үштік" жобасы аясында ата-аналар тәрбие сағаттарын жүргізуде. 5 "Е" сынып ата-анасы, Тараз қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің заңгері Жұпбаев Қанат Ауенұлы "Буллинг және оның алдын алу шаралары" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Төле би атындағы №8 гимназиясында "Табысты үштік" жобасы аясында ата-аналар тәрбие сағаттарын жүргізуде. 6 "В" сынып ата-анасы, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі,аға әділет кеңесшісі Қуанышев Еркін Тілешұлы тәрбие сағатын өтті.
Төле би атындағы №8 гимназиясында "Табысты үштік" жобасы аясында ата-аналар тәрбие сағаттарын жүргізуде. 8 "Б" сынып ата-анасы, заңгер, қорғаушы (адвокат) тәрбие сағатын өтті.
Гимназия білім алушыларымен жүргізілген "Жылы тілек" тақырыбындағы психологиялық team building. Team building мақсаты: қарым - қатынасты нығайту, топта жайлы психологиялық ахуал орнату.
Бастауыш сынып білім алушыларымен жүргізілген "Дос және достық" тақырыбындағы психологиялық Team building. Тимбилдингтің мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру
Төле би атындағы №8 гимназия білім алушылары "Қаржылық сауаттылық" семинары аясында "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалында тәжірибелік сабаққа қатысты.