Гимназиядағы "Green Issues" жобасы
Green Issues жобасы
Жоба бағыты: Білім алушылардың гимназия қабырғасында өсімдіктердің алуан түрлерін өсіріп, тәжірибелік тәжирибелік негізде жаңа технологиялардың көмегімен нәтижесін бақылау
Жобаның өзектілігі: Экологиялық тәрбие – бұл ең негізгі білім саласындағы бағыттың бірі, бұл әдіс негізінде білім алушылардың дұрыс ойлауына, дұрыс айқындауына негіз болады. Қоршаған ортамен тығыз байланыс жасай отырып, дүние танымын байытады. Табиғатты жақсы көруге қадағалауға, уайымдатуды түсінуді үйренеді. Өсімдіксіз жер шарынан өмір сүре алмауын біледі, себебі өсімдік бізге тек қана тыныс алуымызға ғана емес көптеген аурулардан емделуімізге көмектесетіні жайында түсінік қалыптастырады. Сонымен қатар өз қолдарымен көптеген көкеністерді, өсімдіктерді өсіріп пайдасын көруге талпынады.
Жобаның мақсаты мен шешімі: Өсімдіктер әлемі туралы түсінік қалыптастыру. Өсімдіктің түрлеріне зерттеу жүргізу мен нәтижесін бақылау.
Тәжірибенің нәтижелілігі: Green Issues жобасы аясында білім алушылардың тек теориялық білімге ғана емес зерттеу жұмыстарына қызығушылығы артты. Қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жоба байқауында білім алушылар жоғары нәтиже көрсетті. Жоба аясында білім алушылар әртүрлі бөлме өсімдіктерінің 40 тан астам түрлерін және тропикалық өсімдіктердің түрлерін (ананас, құрма, раушан, банан, бұрыш, бидай, пісте, апельсин, лимон, мандарин) өсіріп баптау жұмыстарымен айналысады. Білім алушылардың жасыл әлемге деген қызығушылығын арттырып ғана қоймай, әртүрлі тәжірилер жасайды. Ұтымды зерттеулерді өсімдіктердің өнімділігін арттыру мақсатында пайдаланылады. Бұл жоба жалпы пәннен басқа ғылыми зерттеуші білім алушыларды тәрбиелеуде үлкен үлес қосады. Сонымен қатар гимназиямыздың көркеюіне гүлденуіне үлкен үлес қосады. Жоба екі үлкен ауқымнан тұрады:
1. Гимназия ғимаратының ботаникалық бұрышта өсімдіктер өсіріледі (Бөлме жағдайында)
2. Гимназия ауласында өсімдіктердің түрлерін өсіру