ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ » Төле би атындағы №8 гимназия
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі
«Төле би атындағы №8 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гимназия директоры :
+7(7262) 45-33-51
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 45-58-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
15
май
2020

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

Cанаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар миндетті түрде суға шомылады.
🔴❗️Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында ережелерді еске саламыз!
Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады.
🔴❗️Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
❌ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!⬇️
❎Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
❎ Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
❎ Балаларды қараусыз қалдыруға!
❎ Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
❎ Суда ойнауға!
❎ Жалған айқай белгісін беруге!
❎ Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
❎Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
❎ Таныс емес жерге сүңгуге!
❎Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
⚠️Суға абайлап түс.
⚠️Жалғыз шомылмауға тырыс.
⚠️Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
⚠️Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
⚠️ Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
✅ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ!