26
декабрь
2022
Құттықтаймыз!
Облыс әкімінің кубогіне арналған "Ұлы даланың рухани тұғыры - Тәуелсіздік" атты облыстық пікірсайыс турнирінде Төле би атындағы №8 гимназиясының білім алушылары Аманжанұлы Қайсар "Ең үздік спикер" номинациясымен, Алихан Нұрболат "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Американдық парламенттік (АПФ) және Линкольн Дуглас форматында(ЛД) өткен дебат турнирінде біздің шәкірттеріміз тамаша ойын түрін көрсетіп, гимназияның абыройын арттырды. Гимназиядағы "Дебат" клубының жетекшісі Зағира Аллабергенқызы Алғыс хатпен марапатталды. Қайсар мен Нұрболат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дебатта еркін ойнайтын ойыншылар. 

